Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 апреля 2019 15:48

Атом электр станциясын салған алпауыт елдердің тәжірибесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Армениядағы АЭС. © Атомтехэнерго Армениядағы АЭС. © Атомтехэнерго

Қазақстанда АЭС салу соңғы алты-жеті жылдан бері талқыланып жатыр. Бірақ таяуда елімізде бұл мәселеге қатысты қызу пікірталас басталды. Оған 3 сәуірде Владимир Путиннің Қазақстанда АЭС-ті ресейлік технологиямен салуды ұсынғаны себеп болды. Бірақ қазақстандық тарап өз кезегінде бұл шешімнің әлі нақты емес екенін және АЭС салу алдында биліктің халықпен кеңесетінін ескертті.


Қазақстанда АЭС салу соңғы алты-жеті жылдан бері талқыланып жатыр. Бірақ таяуда елімізде бұл мәселеге қатысты қызу пікірталас басталды. Оған 3 сәуірде Владимир Путиннің Қазақстанда АЭС-ті ресейлік технологиямен салуды ұсынғаны себеп болды. Бірақ қазақстандық тарап өз кезегінде бұл шешімнің әлі нақты емес екенін және АЭС салу алдында биліктің халықпен кеңесетінін ескертті.

Сарапшылардың сөзіне сенсек, 2020 жылы әлем бойынша электр энергиясын қолдану 1,5 есеге көбейеді, сондықтан алдағы уақытта ғаламшарымызда электр станцияларының саны екі есеге көбейеді деп болжанып отыр.

Tengrinews.kz тілшісі АЭС салған елдерді мысалға алып, ол құрылыстың жалпы қандай пайда мен зиян әкелгенін, сондай-ақ, бүгінгі жағдайына шолу жасады.

АҚШ

Әлем бойынша бүгінде 451 атом электр станциясы бар. АЭС саны көп елдердің тізімінде көш бастап тұрған АҚШ-ты алатын болсақ, онда энергетика министрлігі атом саласын дамыту үшін бюджеттен 400 миллион долларға дейін ақша бөледі екен. Америкалықтар қаражатты инновациялық жобаларға жұмсауға міндеттеледі. Қазіргі уақытта АҚШ-та 100 АЭС бар екен. Ондағы Пало-Верде станциясы әлемдегі оң ірі АЭС-тің тізіміне енген.

Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, дәл қазір АҚШ-та жұмыс істеп тұрған АЭС-тер 1967-1990 жылдар аралығында салынған, ал жаңа станциялардың жобасы соңғы рет 2013 жылы жүзеге асырылған екен. Бірақ 1979 жылы 28 наурызда Пенсильваниядағы Три-Майл-Айленд станциясында ядролық энергетика тарихында тұңғыш рет апат болды. Салдарынан мындаған тұрғын эвакуацияланып, АҚШ-тың атом өндірісі қабылдаған тапсырыстардың барлығы күшін жойған болатын. 

Апаттың салдары 1993 жылдың желтоқсанында ғана ресми түрде жойылып, станция аумағы қатерсіздендірілген еді. Ресми дереккөздерге қарағанда, бұл апаттан келген шығынды қайта қалпына келтіруге 14 жыл уақыт кетіп, миллиард доллар жұмсалған.


Пало Верде, АҚШ-тағы ең ірі АЭС. © miraes.ru

Франция

АЭС саны жөнінен 2-орында Франция тұр. Мұнда алғашқы АЭС 1959 жылы Маркуль қаласының маңында салынған екен. Ал онда қазіргі уақытта 58 АЭС бар. Ашық дереккөздердегі мәліметтерге қарағанда, Франциядағы электр энергияcы қажеттілігінің 76,3 пайызын осы атом электр станциялары өтеп отыр, бұл елде АЭС жұмысының барынша дамығанын көрсетеді. Сондай-ақ, қазіргі таңда тағы бір станцияның салынып жатқаны айтылады.

Тарихқа үңілсек, 1970 жылдардың басында Францияда электр энергиясының басым бөлігі мұнай негізінде өндірілген. Ад қалған энергия импортталған. 1973 жылғы мұнай тапшылығынан кейін ел экономикасы қайта қаралып, барлығы толықтай атом электр станциясына көшкен. Осыдан кейін 15 жылдың ішінде Францияда 18 АЭС пайда болған.

Бұдан бөлек, елде электр энергиясының 20 пайызы артылып қалатынын айтылады. Оның барлығы, ашық дереккөздердегі мәліметтерге қарағанда, экспортталып, жыл сайын шамамен үш миллиард табыс әкеледі. Электр энергиясын көбіне Италия, Ұлыбритания, Швейцария және Испания сатып алады екен. Болашақта Германияның да сатып алуы мүмкін екені айтылады.

Айта кетейік, Франция әлі күнге дейін атом энергетикасы саласында белсенді зерттеулер жүргізіп жатыр.


Гравелин (Nord), Франциядағы ең қуатты АЭС. © miraes.ru

Жапония

Әлем бойынша АЭС саны көп елдердің тізімінде АҚШ пен Ресейден басқа, Жапония бар. Онда 2011 жылдың наурызында "Фукусима" атом электр станциясында болған апаттан соң елдегі барлық АЭС-тің қызметі тоқтап, бірақ кейінірек қайта іске қосылған еді. Сондай-ақ, 1999 жылдың қыркүйегінде Жапонияның атом энергетикасы тарихында ірі апат болған еді. Отын шығаратын зауытта қызметкерлердің қателігінен 439 адам сәулелендіруге ұшырап, екі адам қаза тапқан. Бұл төтенше жағдай 17 сағатқа жалғасқан.

Бұл апатқа дейін елде 54 АЭС болған. Ал 2018 жылғы жағдай бойынша, елде 43 атом электр станциясы тіркелген. Жапония сейсмоқауіпті елге жататындықтан, онда әлі күнге дейін атом электр станцияларын салып, оларды пайдалануға беруге деген қорқынышы анық байқалады.

Осыдан кейін тіпті 2030 жылға қарай елдегі барлық АЭС-ті жабу туралы мәселе көтерілген. Алайда бұл Жапония экономикасына кері әсерін тигізіп жатқанын түсінген биліктегілер ол ойынан қайтқан. Ал бүгінде Жапониядағы Касивадзаки-Карива атом электр станциясы әлемдегі ең қуатты атом электр станциясы болып саналады.


Жапония, Касивадзаки-Карива. © dekatop.com

Қытай

Қытайлықтар АЭС құрылысын 1970 жылдары бастаған. Алғашқы АЭС-тер Шанхай мен Гонконг маңында салынған екен - Циньшань мен Дайя-Бей деп аталған. Ал бүгінде Қытай 35 атом электр станциясымен әлем бойынша АЭС саны көп елдердің тізімінде 4-орында тұр. Линьао станциясы Қытайда ең ірі станция болып саналады.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Қытайда АЭС-тер елдегі электр энергиясы қажеттілігінің шамамен 4 пайызын ғана өтейді. Сондай-ақ, соңғы уақытта Қытай билігіндегілердің АЭС-тердің қоршаған ортаға, ауаның ластануына себебі тиіп жатқандықтан халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды қабылдап жатқаны айтылады. 

2011 жылдың наурызында Жапонияла болған Фукусима апатынан Қытай да басқа елдер сияқты жаңа атом электр станцияларын салуды тоқтатып, ол жобаларға өзгерістер енгізуді тапсырған. Ол өзгерістер мен тексерістер 2012 жылдың мамырына дейін созылып, нәтижесінде атом электр станцияларындағы қауіпсіздік сақтаудың жаңа ережелері бекітілген.


Қытайдағы ең ірі Линьао атом электр станциясы

Ресей

Ашық дереккөздердегі мәліметтерге қарағанда, Ресей атом реакторларын экспорттау әлем бойынша көш бастап тұр.

Былтыр Ресейдегі АЭС-тердің бірі электр энергиясын өндіру бойынша рекорд орнатқан еді  - 35,2 миллиард кВт. сағат электр энергиясы өндірілген. Бұл бүкіл әлем бойынша жоғары көрсеткіш болып отыр. Сондай-ақ, соңғы 16 жылда ресейлік АЭС-терде қауіпсіздік ережелері бірде-бір рет бұзылмағаны айтылады.

2019 жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша, Ресейде жұмыс істеп тұрған 10 атом электр станциясы бар. Айта кетейік, Ресей 2017 жылдан бері жылдам нейтрондар реакторларын пайдаланатын жалғыз ел болып саналады екен. 

Ірі ядролық апаттар туралы сөз еткенде бірден Чернобыль мен Фукусима еске түседі. Бірақ үшінші ядролық апат туралы көп айтылмайды.  Ол 1957 жылы Ресейдің оңтүстігіндегі Кыштым қаласы маңында болған Кыштым апаты. Ашық дереккөздергі мәліметтерге сүйенсек,  онда суыты жүйесінің құрылысында ақау шыққан. Сұйықтық сыртқа аға бастағанда жұмысшылар оны өшіріп тастап, бір жыл бойы оған тиіспеген. Ал суытатын жүйе радиоактив қалдықтар сақталатын жерге қажет болған. Ол істемегендіктен, ондағы температура 350 градусқа дейін жоғарылаған, нәтижесінде 8 метр жер астындағы үлкен цистерна жарылып, оның 160 тонна бетон қақпасы жер бетіне атылып шыққан. Радиоактив қалдықтар 20 000 шаршы шақырымға тараған. Апаттан соң 11 мың адам жақын маңдағы аумақтарға көшіріліп, олардың үйі бүтіндей сүріліп тасталған болатын. Сондай-ақ, дереккөздерге сенсек, шамамен 270 мың адам радиоактив қалдықтан уланған.


Кыштым апаты болған жер. © chel.kp.ru

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ресей бірнеше мемлекетпен атом энергетикасы жөнінде келісімшарттар жасасқан. Олардың қатарында Қытай, Иран, Түркия, Болгария, Беларусь елдері бар. 

Оқи отырыңыз:

Атом электр станциясы қауіп пе - Ғалымдар не дейді

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети