ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
07 июня 2020 | 16:50

Атышулы ролик: автор пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Шымкент әкімдігінің өкілдері Жастар ресурстық орталығы жариялаған әлеуметтік роликке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтылды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент әкімдігінің өкілдері Жастар ресурстық орталығы жариялаған әлеуметтік роликке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтылды.

Ролик авторы әрі режиссері Серік Таласовтың айтуынша, бұл роликтің негізгі мақсаты - қазақилығымызды жоғалтпау керегін еске салу.

"Роликті түсірген себебіміз қазір қоғамда ашық-шашық жүрген жастар көп. Өзімнің қыздарым бар, солар үшін қорқамын. Мүмкін роликте ойымды дұрыс жеткізбеген шығармын. Біз бұл жерде біреуді жезөкше деп тұрған жоқпыз. Әркім өз түсінігіне қарай қабылдайды. Ешкімді жаман етіп немесе жезөкше етіп түсіргіміз келген жоқ. Намаз оқып, хиджаб ки деп айтып жатқаным жоқ. Бұл роликтің мақсаты - қазақилығымызды жоғалтпау", - дейді Таласов.

Оның айтуынша, видео бір күнде қызу талқыланып, тез тарап кеткен. Оны тоқтату мүмкін болмады дейді.

Ал Шымкент әкімдігінің өкілдері осы видеоға қатысты тексеріс жүргізіліп, қорытындысы жарияланатынын айтты. Сондай-ақ, ведомстводағылар кінәлілердің жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Еске салайық, мұның алдында ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева осы видеоға қатысты пікір білдірген болатын. "Қазақстан зайырлы мемлекет және Конституция елдің барлық азаматына бірдей құқық берген және олардың ар-намысын құрметтеуге кепіл берген. Бұған әлеуметтік желілерде біреудің ар-намысына тиетін видеоларды мысал келтіруге болады. Контент толтыруда мұқият болу керек және мемлекеттің басты мүдделерін ұмытпау қажет. Әкімдік жанында арнайы жұмыс тобы құрылуы керек деп ойлаймын, олар роликтерді БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде тарату алдында зерттеу жүргізуі керек болады", - деген еді Балаева.

Айта кетейік, Желіде қызу талқыланған видеода қысқа қара түсті белдемше киген қыздың такси ұстап тұрғаны түсірілген болатын. Сол сәтте қыздың жанына қара түсті Mercedes келіп, ондағы жүргізуші қызға көлікке отыруды сұрайды. Жол-жөнекей ер адамның оны үстіндегі киіміне қарап, жезөкше деп ойлап қалғаны көрсетіледі. Көлік жүргізушісі көлік есігін құлыптап, қызға ақылын айтады. Бұл әрекеті желі қолданушыларының сынына ұшыраған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer