ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
05 июня 2020 | 09:58

"Ауа райына байланысты". Солтүстікке қоныс аударған отбасылар қайтадан көшіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: wikimedia Фото: wikimedia

Еліміздің оңтүстік өңірлерінен Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған 77 адам былтыр ол жақтан көшіп кеткен. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлайды. 


Иконка комментария блок соц сети

Еліміздің оңтүстік өңірлерінен Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған 77 адам былтыр ол жақтан көшіп кеткен. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлайды. 

Телеарна мәліметінше, оның себебі сан түрлі. Бірі күннің суығына шыдамаса, енді бірі несиелік қарыздарына байланысты қайтып кеткен.

Жалпы былтыр аймаққа Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан 2 мыңнан аса адам қоныс аударған. Олардың бәрі баспаналы болып, отбасы мүшелері көтермеақы алды.

"Сол 22 отбасының ішінде 18-і мемлекеттік қолдау шараларын алмай қайтып оралған болатын. Оның ішінде 10 отбасы отбасылық жағдайына байланысты, 4 отбасы ауа райы жағдайына, климатқа байланысты. 2 отбасы денсаулығына байланысты көшіп кеткен", - дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы Назерке Тасқұлова. 

Мамандардың айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында биыл көшкендер арасында қайтып кеткендер жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети