Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде коронавирус жұқтыру өсімі 0,1 пайыз екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде коронавирус жұқтыру өсімі 0,1 пайыз екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты, аурудың тәуліктік өсім 0,1 пайыз. Бүгінгі таңда COVID-19 жұқтырудың 86 жағдайы тіркелді. Осы жылдың 5 шілдесінен бастап ауруларды төсек-орындармен қамтамасыз ету қажеттілігі 6 есеге, коронавирус мәселелері бойынша жедел медициналық көмекке шақырулар саны 5 есеге азайды. Науқастардың 99 пайызы сауығып, отбасыларына аман-есен оралды. Бұл COVID-19-бен күресудің дұрыс жолы таңдалғанын, оның нақты нәтижесін көрсетеді", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, премьер-министр орынбасары дүние жүзіндегі коронавирус жағдайына тоқталды. "Қауіп әлі сейілген жоқ. Әлемде күн сайын коронавирус жұқтырудың 250 мыңнан аса дерегі тіркеліп, 5 мыңнан аса адам өлімі тіркеліп жатыр. Италия, Франция, Германия, Австрия, Испания, Ұлыбритания, Түркияда ауру өсімі байқалады. Сондай-ақ, Қазақстанмен көршілес ТМД-ға кіретін мемлекеттердің арасында мәселе жоқ емес. Ресейде бүгінде аурудың өсімі 0,5 пайыз, Өзбекстанда 0,9 пайыз, Тәжікстанда 0,4 пайыз. Біз - осы елдермен барлығымен тығыз байланыс орнатып отырған мемлекетпіз", - деп түйіндеді сөзін Ералы Тоғжанов. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 498-ге жетті. 100 042 науқас дертінен айыққан, 1 646 адам қайтыс болған. Сондай-ақ, 1 тамыздан бері коронавирус белгісі бар 28 228 дерек тіркелген, 316 науқас аурудан көз жұмған. Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
10 сентября 2020 | 12:03
Аурудың тәуліктік өсімі 0,1 пайыз - Тоғжанов коронавирус туралы
Фото: elements.envato.com
Читайте также