Ауылдарда бір мұғалім 3-4 пәннен сабақ беріп жүр - Тоқаев

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауылдарда бір мұғалім 3-4 пәннен сабақ беріп жүр - Тоқаев Көрнекі сурет. Фото: Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдағы мұғалімдердің өзекті мәселесін көтерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдағы мұғалімдердің өзекті мәселесін көтерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда жастар ауылға барғысы келмейді.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасын қабылдасақ та, жастар ауылға барып жатқан жоқ. Қазір ауылдарда бір мұғалім 3-4 пәннен сабақ беріп жүр. Бір сабақта әртүрлі жастағы балалар бір оқуға мәжбүр. Ауыл ұстаздарына еңбекақы төлеу жүйесінде осы мәселе ескерілмейді. Сондықтан бұл ахуалды біртіндеп шешу керек", - деді Мемлекет басшысы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында.

Президент мектеп жанындағы интернаттардың жұмысын одан әрі жетілдірілетінін, бұл өте маңызды екенін атап өтті.

"2025 жылға қарай 11 мың орынға арналған 100-ден аса интернат салынуы керек. Білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсізідігі өте өзекті мәселе. Менің тапсырмам бойынша әкімдер барлық мектепті бейне бақылау жүйесімен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, заманауи санитарлық талаптарға сай жағдай жасайды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы митинг туралы заңға қатысты пікір білдірген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы -2
Астана -21
Актау 1
Актобе -18
Атырау -6
Б
Балхаш -17
Ж
Жезказган -22
К
Караганда -20
Кокшетау -23
Костанай -12
Кызылорда -20
П
Павлодар -15
Петропавловск -16
С
Семей -5
Т
Талдыкорган -5
Тараз -1
Туркестан -9
У
Уральск -8
Усть-Каменогорск 2
Ш
Шымкент -19

 

Редакция Реклама
Социальные сети