ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
04 марта 2024 | 10:33

Ай сайын 1 бала: Маңғыстауда қатерлі ісікке шалдыққан балалар көбейіп бара жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Маңғыстау облысында қатерлі ісікпен ауыратын науқас балалардың әлеуметтік мәселесі шешілмей тұр. Ата-аналар бүлдіршіндерді Алматы, Астанаға химиялық терапияға апару үшін, жол ақысын төлеуді сұрайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында қатерлі ісікпен ауыратын науқас балалардың әлеуметтік мәселесі шешілмей тұр. Ата-аналар бүлдіршіндерді Алматы, Астанаға химиялық терапияға апару үшін, жол ақысын төлеуді сұрайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Қатерлі дертке шалдыққан балалардың ата-аналары перзенттерін республикалық орталықтарға емге апаруға мәжбүр. Көп жағдайда науқас баланы пойызбен алып жүру мүмкін емес. Сондықтан олар ұшақпен барады.

"Химиялық терепия деген курспен жүреді ғой. Араға 10 күн демалыс салып, брнеше рет шақырады. Ақтау мен Алматының арасын білесіздер қашық, билет қымбат. 100 мың теңгеден асады. Әрі уақыт тақалғанда алуға тура келеді. Біз міне 5 рет алып келдік. Химия алдық, ота жасаттық. Соңғы билетті несиеге алдым. Енді келесі билетті ойлап отырмын", - дейді Ақтаулық тұрғын Нұргүл Мұхантаева.

Ақтаулық Нұргүл Мұхантаеваның 3 жасар қызы қатерлі дертке шалдыққан. Бүлдіршіннің бауырында 3-дәрежелі ісік бар. Тамыз айынан бері анасы қызын Алматы қаласына 5 рет апарып келді. Соның барлығында ол екеуінің ұшақ билеттерін бірін қарызданып, бірін несиеге алған.

Жаңаөзен қаласының тұрғыны Гүлзира Ізбасова да науқас баласын Алматы қаласында емдетіп жүр. Оның айтуынша, жол ақысы төленбейді. Баланың емі үшін, қарызданып-қауғаланып, арасында ағайын-туыстың көмегімен баруға тура келуде. Әлі неше рет баратыны белгісіз. Сондықтан ол да жол ақысын төлеуді сұрайды.

"Бізге ешқандай жол ақысы ештеңе төленбейді. Біз жол ақыға ақша табу үшін өте қиын жағдайда боламыз. Неше рет қатынайтынымызды біз білмейміз. Өйткені аяқ астынан шақырады. Өйткені бұл Ақтау қаласында емделмейді. Сол үшін біз Алматы қаласында ем алып жатырмыз", - дейді Гүлзира Ізбасова.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының айтуынша, бұл науқастардың жол жүру ақысы Денсаулық Кодексіне сәйкес төленбейді.

"Осыдан 2 жыл бұрын мамандандырылған медициналық көмекке төленетін. Мамандандырылған медициналық көмекке -қатерлі ісікті емдеу, ота жасау, химия терепия, радиология бағыттары жатады. Алайда, кейін бұл Денсаулық Кодексінен алынып тасталды. Сондықтан қазір төленбейді. Біз бұйрыққа сәйкес, тек жоғары технологиялық медициналық көмекке мұқтаж науқастардың бару-келу жолын төлеп отырмыз", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Махмутов.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer