Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 мая 2019 14:13

Айдауылдың ашық әңгімесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

 

Конвой қызметінде айдауыл болып жұмыс істедім. Онда көп уақыт тұрақтай алмадым. Себебі жұмыс тым ауыр. Тек физикалық шаршауды ғана айтып тұрғаным жоқ, айдауыл болу моральдық тұрғыда да шаршатып жібереді. Бұл жұмыста көп уақыт тұрақтаған адамды көргенім жоқ. Менімен бірге бұл жұмыстан бірнеше адам шығып кеткен еді.


 

Конвой қызметінде айдауыл болып жұмыс істедім. Онда көп уақыт тұрақтай алмадым. Себебі жұмыс тым ауыр. Тек физикалық шаршауды ғана айтып тұрғаным жоқ, айдауыл болу моральдық тұрғыда да шаршатып жібереді. Бұл жұмыста көп уақыт тұрақтаған адамды көргенім жоқ. Менімен бірге бұл жұмыстан бірнеше адам шығып кеткен еді.

Ішкі әскерде отандық борышымды өтегеннен кейін, өзіме лайықты жұмысты іздедім. Сөйтіп бұл жұмыс туралы таныс адамдардан естіп, құжат жинап, өткіздім. Конвойлық батальон қызметіне жұмысқа кіру аса қиын емес, ол жақта жұмыс істеу үшін кезек күтіп тұрғандар аз. Іріктеу де қатал болған жоқ. Сөйтіп мен барлық құжатымды өткізіп, жұмысыма кірісіп кеттім.

Айта кетейін, көп адам бұл жұмысқа тек уақытша деп орналасады. Кейін басқа қызметке жоғарылау үшін келеді. Басты себебі жұмыс тәртібі және қылмыс жасаған адамдармен күнделікті қарым-қатынастасың. Күнделікті жұмыстағы жағдайды қарапайым адамға айтсаң шошып кетер.

Бастапқыда бір ай дайындық оқуынан өттім. Кейін жұмысқа орналастым. Дайындық кезінде тәжірибесі бар айдауылдардың қасында жүріп жұмыстың қыр-сырын үйрене бастадым. Айдауыл жұмысы таңғы 9-да басталып кешкі 6-да бітпейді. Мен таңғы сағат 8-де жұмыста болуым керек. Сөйтіп түнгі 3-ке дейін жұмыста жүреміз. Бұл уақытқа дейін не істейміз? Түнгі 3-ке дейін сот шешімі шыққан қылмыскерлерді түзету мекемелеріне жеткіземіз, олардан көз алмай, аңдып отырамыз. Тасымалдау кезінде оларға жауаптымыз.  

Соттың шешіміне дейін күдікті немесе қылмыскер адамды тасымалдаумен айналысамыз. Осыған байланысты арнайы көлігіміз бар. Көлікте үш адам болады: жүргізуші, конвойлық батальон қызметінің басшысы және айдауылы. Қылмыс жасаған адамдарды сотта да күзетеміз. Сондай-ақ сот үкімі шықпағандарды уақытша ұстау изоляторларына жеткіземіз. Онда оларға қарайтын арнайы айдауылы болады. 

Жұмысымыздың ережесі бар. Онда ешқандай босаңсуға мүмкіндік жоқ. Егер белгіленген ережені орындасамасаң жұмыстан қуыласың. Оған қоса жеке өміріңе уақыт пен күш қалмайды. Алатын сыйақының мөлшері де аз. Керек десеңіз қылмыскерлердің өзі біздің жалақымызды естіп, бұл жұмыстан кетуге кеңес береді.  

Бізге тапсырылған адамның, өмірбаяны мен оның қандай қылмысы үшін ұсталғаны туралы ақпарат алдын ала беріледі. Айдауылдың резеңке таяғы, рациясы және кісені мен арнайы көліктің ішінде орналасқан бөлменің кілті болады. Менің басымнан ұсталғандардың тарапынан шабуыл жасау немесе бұйрықты тыңдамау сияқты оқиғалар өтпеді. Керек десеңіз бұл жақта "өзіндік тіл" қалыптасқан. Оны айдауылдар мен түзеу мекемесіне бірнеше рет түсіп жүргендер біледі. Біз де ол тілді қолданамыз. 

Негізі айдауыл қылмыскерге бас-аяғы жауап бергендіктен, олардың кейбірі мұны өз пайдасына қолданып қалғысы келеді. Бопсалауға дейін барады. "Начальник, маған телефон керек" дейтіндері де кездеседі. "Егер бермесең өзіме қол жұмсаймын" дейді. Кейде оларға бұл заттарды қорыққаннан емес, аяғаннан береміз.

Түзеу мекемесіне түсіп жүргендер өзімен бірге әртүрлі заттарды алып кіреді, оны кейде байқау тіпті мүмкін емес. Басқа көз байқай алмайтындай киімнің етегіне өткір заттарды салуы мүмкін, ал кейбірі одан да сұмдық іске барады, тіске көзге көріне бермейтін жіптің бір жағын қыстырады, ал екінші жағына мысалы SIM-картаны байлап, оны жұтып қояды. Мұндай сұмдықты кейде өз көзімізбен көреміз. Ал қылмыс жасағандардың кейбірі бізге ақша ұсынып, оларға тыйым салынған заттарды дәріханадан сатып әкелуді сұрайды. Арагідік дәрілік заттар олардың қолына түсіп, уақытша ұстау изоляторында есі ауысып жүретіндері де бар. 

Жалпы сот біткенше қылмысқа қатысы бар адамдар үш айға дейін уақытша ұстау изоляторында болуы мүмкін. Оларды изолятордан сотқа, прокуратураға, түзеу мекемелеріне тасымалдаймыз. Сондықтан жаныңда жүрген адам туралы көп ақпарат біліп аласың. Уақытша ұстау изоляторына 18-ден бастап 60-қа дейінгілер түседі. Олардың көбі алаяқтық жасағаны үшін ұсталғандар. Арасында жас қыздар мен 30-дан асқан қыз-келіншектер де бар. Сондай-ақ 60 жастағы қарт адамды да көрдім. Ұсталғандардан басым көпшілігінен қылмыс жасадым-ау, жақында сотталамын-ау деп уайымдап жатқанын байқамайсың. Өздерін еркін сезініп жүретіндер көп. Кейбір адамдарды жалғыз өзін бір камераға орналастырамыз. Себебі олардың зияны басқа біреулерге тиюі мүмкін. Негізінде онда 4 адамнан орналастырылады. 

Бұл жұмысқа кірмес бұрын, мен ондағы жағдайды білмедім. Бірақ біраз уақыт өткеннен кейін бұл туралы ойландым. Өз еркіммен жұмыстан шығып кеттім. Менімен бірге бірнеше адам да шығып кетті. Себебі әртүрлі жағдайлармен айдауылдардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, кейін өздері қылмыскер атанып кететін жағдайлар көп. Осының бәрін ойланып, дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын. Айдауыл тек уақытша жұмыс, яғни басқа қызметке жоғарылау үшін ғана. Бұл жұмыстың басты артықшылығы уақытылы берілетін жалақысы мен мейрам күндері түсетін сыйақысы ғана шығар.

Жазып алған: Мақсат Мамбетжан

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети