Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 октября 2019 11:22

Аймағамбетов әліппені қайтару туралы: Ешқандай эксперимент керек емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мектеп бағдарламасынан алып тасталған әліппеге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мектеп бағдарламасынан алып тасталған әліппеге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, биыл министр мектептерге әліппені қайтаруға уәде берген еді. Ведомство басшысының айтуынша, 2021 жылы қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде енгізіледі.

Аймағамбетов қазіргі уақытта әліппені қайтару бойынша жұмыс тобы құрылғанын айтты.

"Әліппе көптен бері көтеріліп жүрген мәселе. Бұл шын мәнінде өте маңызды. Біз биыл Тамыз кеңесінде де осы мәселеге жеке тоқталған болатынбыз. Қазір осы мәселе бойынша жұмыс тобы құрылды. Әліппені мектепке қайта енгізу керек. Ешқандай эксперимент керек емес. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі бар, сол әдістемеден бөлек ештеңе ойлап табудың керек емес. Әдістемені басшылыққа алып, қазір жұмысқа кірісіп кеттік", - деді білім және ғылым министрі үкімет отырысы барысында.

Мұның алдында министр әліппенің бірнеше нұсқасы қарастырылғанын айтқан болатын.

Бұдан бөлек, Асхат Аймағамбетов үкімет отырысы барысында мектепке дейінгі, ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім беру, сондай-ақ, мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар мәселелеріне тоқталды.

Оқи отырыңыз:

"Қазіргідей ретімен А, Ә, Б деп үйретпеген". Ахмет Байтұрсынұлының әліппе үлгісі қандай?

Жаңа оқу жылында білім саласында қандай өзгерістер болады?

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети