КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
14 февраля 2020 | 20:50

"Айыппұл салынады". Газбен жүретін көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Владимир Беккер. Фото: Дәурен Ерболатов Владимир Беккер. Фото: Дәурен Ерболатов

ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер газбен жүретін көліктерге паркингке кіруге неге тыйым салынғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер газбен жүретін көліктерге паркингке кіруге неге тыйым салынғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2019 жылдың желтоқсанында үкіметтің қаулысымен өрт қауіпсіздігі ережесіне өзгеріс пен толықтыру енгізілген. Ол бойынша елімізде газбен жүретін көліктерге жабық автотұраққа кіруге тыйым салу ұсынылыпты. Енді мұндай көлік жүргізушілері тұрғын үйлер мен сауда ойын-сауық орталығының жерасты тұрағына кіре алмайды.

Неге жерасты тұрағына кіре алмайды?

"Неге мұндай қадамға барғанымызды түсіндірейін. Төтенше жағдай комитеті мәселеге талдау жүргізіп, газбен жүретін автокөліктердің өртену оқиғаларының көбейгенін анықтады. Жыл сайын елімізде 2,5 мың автокөлікте өрт шығады", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Владимир Беккер 2016-2019 жылдары газбен жүретін көліктер 374 рет өртеніп, 5 адам қаза тапқанын атап өтті.

Сондай-ақ комитет төрағасы тұрғын үйлердің автотұрағында газдың иісіне шағымданатындардың көбейгенін, ал газ жарылысы өте қауіпті екенін тілге тиек етті.

"Газдың жарылуы өте қауіпті екені белгілі. Әсіресе, төменгі қабатта болған жарылыс тұтас ғимараттың құлауына әкеп соғады. Сондықтан біз Қазақстандағы құрылыс нормаларына талдау жүргіздік. Онда ғимараттармен жапсарлас салынған автотұрақтарға газбен жүретін көлік қоюға тыйым салынды. Осыған байланысты өрт қауіпсіздігі ережелеріне өзгерістер енгізу жобасын жасадық", - деді Владимир Беккер.

Ведомство басшысы бұл өзгеріс Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қаралғанын атап өтті. Нәтижесінде газбен жүретін көліктерге жабық автотұрақтарға кіруге тыйым салу нормасы бойынша 2019 жылдың 13 желтоқсанында үкімет қаулысы қабылданып, осы жылдың 1 қаңтардан бастап ол заңды күшіне енген.

"Айыппұл салынады"

Осы орайда Владимир Беккер газбен жүретін көлік жүргізушілері заңға бағынбай, жабық автотұраққа көлігін қойса, оларға айыппұл салынатынын жеткізді.

"ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 410-бабы (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау) бойынша ереже бұзғандарға 5 АЕК немесе 12 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ құқық бұзудың салдары ауыр болса, қылмыстық кодекстің 292-бабы бойынша (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) арнайы жаза көзделген. Мысалы, оқиғаның ауырлығына қарай, айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазалары қолданылады. Екі немесе одан да көп адам қаза тапса, күдікті 5-10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, - деді комитет төрағасы

"Жаңа белгі болады"

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы газбен жүретін көліктерде арнайы белгі болуын талап ететін ереже қарастырылып жатқанын айтты.

"Екі белгінің эскизі дайындалды. Біріншісі, көліктің алдынғы терезесіне жабыстырылуы тиіс. Белгі көліктің газбен жүретінін білдіреді. Бұл ұсыныс әкімшілік полиция комитетіне жіберілді. Енді жол қозғалысы ережесіне өзгеріс пен толықтыру енгізу мәселесі қаралады. Келесі мәселе тыйым салу белгісіне қатысты. Ол паркинтің кіреберісіне қойылады. Бүгінде біз техникалық реттеу және метрология комитетімен бірге жұмыс істеп жатырмыз", - деді Владимир Беккер.

Брифинг барысында ол бұл белгілер әлі бекітілмегенін жеткізді.

"Эскиздер - заң жобасының бір бөлігі. Біз олар заңға енеді деп жорамалдап отырмыз. Белгілер әлі бекітілген жоқ. Бұл біздің ұсынысымыз", - деді комитет төрағасы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer