ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
04 января 2022 | 16:27

"Азық-түліктен бастап бәрі қымбат". Қайрат Нұртас Маңғыстау халқына қолдау білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:instagram.com/kair_n Фото:instagram.com/kair_n

Әнші Қайрат Нұртас Маңғыстаудағы жағдайға байланысты пікірін айтты. Ол наразылық акциясына шыққан халыққа қолдау білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Қайрат Нұртас Маңғыстаудағы жағдайға байланысты пікірін айтты. Ол наразылық акциясына шыққан халыққа қолдау білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Музыкант елде айлық өспесе де, азық-түліктен бастап бәрі қымбат екенін айтты. 

"Халық Алланың бір аты, қазақ халқы өте сабырлы, төзімді, себепсіз көтерілетін халық емес. Дәл қазіргі жағдайда мен Батыстағы ағайынды қолдаймын. Себебі халықтың арасында жүргендіктен, Қайрат Нұртас болып қалыптасуымның себепкері Халықтың мұң-мұқтажын жеткізуге хақым бар. Халықтың тұрмыстық жағдайы төмендеп кетті. Еш өзгеріссіз тұрған айлыққа қарамастан азық-түліктен бастап барлығы қымбат. Халық бар болғаны уайым-қайғысыз өмірді қалайды. Үкімет басшыларынан Халық Алланың Аманаты екенін ұмытпауын сұраймын! Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы тез арада оң шешімін шығарады деп үміттенемін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!", - деп жазды Қайрат Нұртас Instagram-да. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Бұған дейін әлеуметтік желіде видео тараған, онда Маңғыстауда наразылық акциясына шыққандар Қайрат Нұртастың көлігін өткізбей қойғаны түсірілген. Куәгерлердің айтуынша, көлік әуежайға бара жатқан.

Видеоға қарағанда, халық әртістен көліктен түсіп, Маңғыстаудағы жағдайға үн қосуын сұраған.

Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиісті тапсырма берді. Өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің қожайындары өз бастамасымен газ литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарған.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласында газ бағасын төмендетуді талап еткен көлік иелерімен кездескен болатын

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Маңғыстау облысындағы жағдайды қарау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Олар қазір белсенділермен келіссөз жүргізіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer