ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
13 марта 2020 | 14:07

"Бағаға мән бермеймін". Министрлер азық-түлікті қайдан алатынын айтты

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров күнделікті азық-түлікті қайдан алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров күнделікті азық-түлікті қайдан алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер қос министрлік басшысына "Соңғы рет сіздер үйге қажетті негізгі азық-түлікті қай дүкеннен алдыңыздар? Әлде сіздер үшін азық-түлікті көмекшілеріңіз ала ма?" деп сұрақ қойды.

Бақыт Сұлтанов сауалға ойланып жауап берді.

"Нақты азық-түлікті қайдан алғанымды айтсам, жарнама болып кетеді ғой. Барлығы баратын үлкен дүкенді білесіз ғой. Соңғы рет сол жерге бардым. Бірақ онда шопыр ретінде барамын. Аық-түліктің бағасына айта алмаймын. Әйелімді апарамын. Ол азық-түлік алады. Сондықтан бағаға мән бермеймін", - дейді министр.

Ал ауыл шаруашылығы министрі көмекшілері үйіне азық-түлік алмайтынын атап өтті. Себебі, олардың өз жұмысы бар.

"Көмекшілерім азық-түлікті алмайды. Себебі, олардың өз жұмысы бар. Мемлекеттік қызметкерлер ғой.  Азық-түлікті үйдегі жұбайым алады. Бірақ жұмыстан келген кезде кейбір сәттері үйдің жанындағы дүкеннен нан, сүт алатын әдетім бар.

Айта кетейік, осыған дейін сауда және интеграция министрі елімізде азық-түлік тапшылығы жоғын мәлімдеді.

Еске салайық, үкімет коронавирустың алдын алу бойынша шаралар қабылдағаннан кейін әлеуметтік желілерде супермаркет пен дүкен ішіндегі ұзын-сонар кезектің суреттері пайда бола бастады. Бұған тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшиннің сөзі ықпал еткен. Ол елімізге коронавирус алдағы аптада келуі мүмкін деген болжам жасаған еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer