Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 августа 2018 10:02

Бала үйден қашып кете берсе не істеу керек - Психолог кеңесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, былтыр елімізде жоғалған 119 бала үйіне қайтарылған. Бүгінде балалардың үйінен қашып кетуіне көп жағдайда ата-аналарының жүйелі түрлі алкоголь ішімдіктерін ішуі себеп болып тұр екен. Дегенмен мұның бір ғана себебі бар деп айтуға болмайды. Біреулер көбіне жағдайы нашар отбасынан шыққан балалар осындай қадамға барып жататынын айтса, тағы біреулері бұған ата-ананың баламен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауында деп түсіндіреді.


Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, былтыр елімізде жоғалған 119 бала үйіне қайтарылған. Бүгінде балалардың үйінен қашып кетуіне көп жағдайда ата-аналарының жүйелі түрлі алкоголь ішімдіктерін ішуі себеп болып тұр екен. Дегенмен мұның бір ғана себебі бар деп айтуға болмайды. Біреулер көбіне жағдайы нашар отбасынан шыққан балалар осындай қадамға барып жататынын айтса, тағы біреулері бұған ата-ананың баламен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауында деп түсіндіреді.

Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі балалардың неліктен үйден қашып кететіні және қалайша мұндай жағдайдың алдын алуға болатынын, сондай-ақ, бала үйге оралған соң онымен қалай сөйлесу керектігі жайлы психолог маманнан сұрап көрді.

Балалар психологы Раушан Каримованың айтуынша, баланың үйден қашып кетуінің алдын алу үшін ата-ана баламен дос болуы керек және бала әкесіне немесе анасына проблемаларын айта алатын деңгейге жетіп, араларында ең бастысы сенім болуы тиіс.


© Pixabay.com

Сондай-ақ, маман балалардың үйден қашып кетуінің бірнеше себебін атады.

"Баланың үйден кетіп қалу себебі оның жасы мен қоршаған ортасындағы жағдайға байланысты. Мысалы, бастауыш сыныптарда оқитын балалар өздері қызық әрі болмаған жағдайға ұрынғысы келеді, қызық іздейді. Ал өтпелі кезеңде жасөспірімдер өздерінің тұлға ретінде қарсылық көрсете алатынын жеткізгісі келеді. "Мен үлкен болдым, не істегім келсе, соны істеймін!" деп мәлімдейді. Баланың отбасы ішінде немесе мектеп қабырғасында осындай реакциясы күшейе берсе, бұл қайғылы жағдаймен аяқталуы әбден мүмкін. Оны алдын алу үшін балаға ата-ана ретінде ғана емес, дос та бола білуі керек", - дейді Каримова.

Бұдан бөлек психолог бала үйден қашып кеткен жағдайда міндетті түрде полицияға хабар беру қажеттігін ескертті.

"Ата-ана әрдайым мұқият болуы керек. Баланың сеніміне кіру қажет. Бірақ бала үйден қашып кетсе бірден полицияға хабарлаңыз. Мұнда баланың үйден кету себебін анықтап, алдағы уақытта оған жол бермеуге тырысу қажет", - деп кеңес берді Раушан Каримова.


© Pixabay.com

Психолог Әйгүл Латиева болса көбіне ерке балалардың мінез көрсетіп, үйден қашып кетуді әдетке айналдыратынын айтады. Айтуынша, оған басты себеп - ата-ана мен бала арасында сенімнің болмауы немесе арадағы шиеленіскен қарым-қатынас.

"Баланың үйден қашып кету қаупін байқауға немесе сезуге бола ма?" деген сұраққа маман әр баланың өзгеше екенін және әр балаға жеке көңіл бөлу қажеттігін айтты. Бірақ психологтың айтуынша, кейбір жағдайларда балалар өзін тіпті үлгілі етіп көрсетеді.

Сондай-ақ, маман бала үйден қашып кетіп, қайта оралған жағдайда қалай әрекет ету керектігі жайлы кеңес берді. 

"Бастапқыда баланы сабырға шақырып, көңілін өзіңізге аударып, онымен тығыз байланысқа шығу қажет. Бірақ бала оралғанда оған бірден бас салып, сұрақтар қоя бермеңіз. Сондай-ақ, оны қандай да бір әдіспен жазалаудан және баламен сөйлеспей қоюдан аулақ болыңыз", - дейді Латиева. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети