ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
30 октября 2019 | 17:15

"Балалар аштан өлді". Отбасымен Сирияға кеткен жігіттің оқиғасы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадрынан Видео кадрынан

Сирияда ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында 5 жылын өткізіп, былтыр тұтқынға түскен Аманжол Жансеңгіров "Жусан" операциясы кезінде елге оралған болатын. Қазір оған бірқатар айып тағылып отыр. Жансеңгіров елге оралғаннан кейінгі алғашқы сұхбатын Adil ukim YouTube-арнасына берген. Тengrinews.kz тілшісі Аманжолдың Сириядағы өмірі жайлы айтқан сұхбатын ұсынады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сирияда ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында 5 жылын өткізіп, былтыр тұтқынға түскен Аманжол Жансеңгіров "Жусан" операциясы кезінде елге оралған болатын. Қазір оған бірқатар айып тағылып отыр. Жансеңгіров елге оралғаннан кейінгі алғашқы сұхбатын Adil ukim YouTube-арнасына берген. Тengrinews.kz тілшісі Аманжолдың Сириядағы өмірі жайлы айтқан сұхбатын ұсынады.

Аманжол Қостанай облысы Наурызым ауданындағы ауылдардың бірінде туып-өскен. Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыарқа ауданының әкімдігінде жұмыс істеген. Ислам діні жайлы мәліметтер іздеп жүргенде "Ислам мемлекеті" тобының идеологтары дайындаған дәріс пен видеоға тап болған. Сөйтіп, "қарулы жиһадты" мақсат ететін радикал діни идеологияның жақтаушысы болады.

2011 жылы экстремистердің ықпалымен Ауғанстанға көшіп, әскери-жаттығу курстарынан өткен. Сол кезде қолына қару ұстаған. Ал 2013 жылы адам жинақтаушылармен келісіп, Сирияға баратын жолды ақылдасып, отбасымен бірге сонда жеткен. 

"Басында Әбу Ханифа мазхабымен намаз оқыдым. "Жиһад" деген сөзді басқаша түсіндім. Шетелдік шейхтердің ықпалына түстім. Содан 10 айдың ішінде Ауғанстанға жеттік. Вазиристан қаласына. "Адамдарды тірілей көміп жатыр" деген секілді бейнероликтер тарап кеткеннен кейін эмоцияға беріліп, 2013 жылы Сириядағы Шам аймағына өттім. Қазақстаннан барған азаматтар үш жамағатқа бөлінді", - дейді Жансеңгіров. 

"Ағам мұнда өлу үшін келдім деді". Сирияға 14 жасында кеткен жігіттің оқиғасы

Ол Сирияда әскери дайындықтан өтпеген. Автомат ұстауды Ауғанстанда үйренгенін айтады.

"Сен ол жерге барғаннан кейін әмірлерге мойынсынуың керек. ДАИШ-тың мақсаты - қатарына келген адамдарды еліне қайтармау. Сол үшін видеоға түсіреді, қарудың да жақсы түрлерін өз туыстарына береді. Түрлі америкалық мықты қаруларды өз туған-туыстары алады. Ал біздің қаруларымыз қарапайым Калашников автоматы болды, қоймалар ирактықтардың қолында болды. Азық-түлік болмаған соң аштық басталды, балалардың аштан өлген кездері болды. Әйел бала-шағаммен Қазақстанға оралуға жол іздей бастадым", - дейді Аманжол. 

Жансеңгіровтің айтуынша, ол 2018 жылы тұтқынға түскен. Күрдтерде тұтқында болған ол "Жусан" операциясы кезінде елге оралған. Оған "террористік топтың әрекетіне қатысу" және "террористік әрекет ұйымдастыру мақсатында адам жинау" бойынша айып тағылған. 

"55 адам болып бір түрмеде жаттық. 200 мемлекеттен бірінші болып Қазақстан келді. Қателесіп, сүрінсек те, Сирияның шөл даласында тастамай, "қазақтың баласы ғой" деп көмектесті. Қиыншылықта бізді тастамай, алып келгендеріне қатты қуандым. Мақтаныш тұттым. Туған жерімді, елімді, туыстарымды тастап кеткенім үшін қатты өкінемін. Тиісті жазамызды береді деп ойлаймын", - деп өкінішін білдірді ол.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer