ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
29 июня 2020 | 14:02

"Балаларымды қатты сағындым". Түрмедегілер бостандыққа шыққанда немен айналысатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да қатаң тәртіптегі сотталғандар бостандықтағы өмірін қиялдап параққа суретпен бейнеледі. Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/15 мекемесінде жазасын өтеушілер бостандыққа шыққанда немен айналысатынын айтты. Олар жоспары туралы Tengrinews.kz тілшісіне баяндады.


Иконка комментария блок соц сети

ШҚО-да қатаң тәртіптегі сотталғандар бостандықтағы өмірін қиялдап параққа суретпен бейнеледі. Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/15 мекемесінде жазасын өтеушілер бостандыққа шыққанда немен айналысатынын айтты. Олар жоспары туралы Tengrinews.kz тілшісіне баяндады.

15 жылға сотталған Руслан (есімі өзгертілген) құрылысшы мамандығы бойынша жұмыс істеймін дейді. 

"Менің мамандығым - инженер-құрылысшы, бостандыққа шыққан соң өз өмірімді отбасыммен бірге​ өткізсем, оларға қамқор болып, балаларыма қорғанышымды көрсетсем", - дейді Руслан.

Ал 16 жылға сотталған Алим түрмеде үйренген ағаштан бұйым жасау өнерімен бостандықта да айналысамын дейді.

"Жасаған қылмысым үшін 16 жыл алдым. Жастықпен білінбеді. Бостандыққа шыққан соң отбасын құрсам ба деймін. Өз өмірімді жақсы жаққа өзгертіп, жаңа парақтан бастағым келеді. Ұрпақ жалғастырып, өз ісімді ашқым келеді. Осы уақытта көп нәрсені үйреніп алдым, ағаштан түрлі бұйымдар жасаймын ", - дейді 16 жылға сотталған Алим.

Ал Антонның айтуынша, балаларын сағынғанын, олардың жанында арманым болмас еді дейді. 

"Қашықта жүргенде көптеген нәрсені түсінесің. Менің 2 балам бар. Үлкені 8, кішкентайы 6 жаста. Сөйлескен сайын көзіме жас келеді. Шіркін жандарында болсам ғой деп армандап та қоямын. Шыққан соң, жанұямның жанында боламын. Әкелік қамқорлығымды жеткіземін", - дейді Антон.

Колония психологтары сотталғандар арасында бостандықтағы өмірін қалай елестететінін сұрап, "Менің бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірім" атты байқау өткізген екен. Сурет салу көмегі арқылы адам өзі аңғара бермейтін ең терең сезімдерді білдіруге, ішкі бақылауды қалыптастыруға көмектеседі.

"Сотталғандардың салған суреттері арқылы әлсіздік, сабыр, көңіл-күйінің басыңқылығы, ішкі конфликтілер мен күшті эмоцияларын сыртқа шығара алады. Жазасын өтеушілер арасында сурет салу байқауын ұйымдастырудағы мақсатымыз - сотталғандар арасында суицидтің алдын-алуы, бостандыққа деген оң көзқарастары мен стимулдарын жүзеге асыру, сонымен қатар талаптыларға қолдау білдіру. Өз шығармасында жазасын өтеушілер өз қиялын, болашаққа деген мақсат - жоспарларын қыл қалам мен түрлі түсті бояу арқылы қағаз бетіне түсірді", - дейді колонияда жұмыс істейтін психолог.

Көрмеге барлығы 7 сурет ұсынылыпты. Әр жасақтың жазасын өтеушілері өздері дайындаған психологиялық газет бойынша түсіндірме беріп, өз ойлары мен ішкі сезімдерін толық жеткізе алды. Әзірленген байқау ережелерге сәйкес өткізілді. Әр жасақ байқауға белсене қатысып, үлкен жауапкершілікпен қарады. Карантин режиміне байланысты жеке-жеке өткізіліп, барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды. Байқау қортындысы бойынша, 15 жылға сотталған "Руслан" 1-орынға ие болды. 2-орынды 16 жылға сотталған "Алим" иеленді. 3-орын сотталған "Антонға" берілді.

"Жалпы, мұндай психологиялық мәні бар байқаулар мекеменің жұмыс жоспарына сай өткізіліп тұрады, - дейді ОВ-156/15 мекемесінің САТжӘПЖБ бөлімінің психологиялық қамтамасыз ету тобының аға инспектор-психологі әділет лейтенанты Айгерім Атабаева.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети