ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
16 апреля 2020 | 12:48

"Бәрі жақсы болып көрінгені - иллюзия". Маман жасы 60-тан асқан қарияларға үндеу жасады

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Орал Бекмағамбетов аймақтық ОКҚ онлайн-брифингінде 60-тан асқан адамдарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Орал Бекмағамбетов аймақтық ОКҚ онлайн-брифингінде 60-тан асқан адамдарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті, 60 жастан асқан азаматтар, тәуекелге барудың қажеті жоқ. Әрбір жетінші, сегізінші, тоғызыншы, өкінішке қарай он үшінші тәулікте адамдар ЖӨӨ-ге түсіп қалады. Мұның қандай сұмдық екенін білесіздер. "Бәрі жақсы болып көрінгені - иллюзия", - деді департамент басшысы.

Сонымен қатар, ол қостанайлықтардан далаға шықпай, карантин ренжимін сақтауды сұрады.

"Шыншыл әрі ашық болайық. Міне, біздің қаламыз. Әлеуметтік желілерден басқа қалаларды көріп отырсыздар. Барлық қалада бәрі тоқтап қалды. Балалар далаға шыққысы келеді. Қариялар да таза ауаға шығып отыруды қалайды. Ірі өнеркәсіп гиганттары тоқтады. Құрметті, қостанайлықтар, 2 апта шыдайық. Жітіқараның өзін алып қарайықшы. Бірден кем дегенде 10, 25 адаммен байланыс жасап, жұқтыра алады... Вирус бар. Балалар көшеде ойнап жүргенін көргенде жүрегіміз ауырады. Сәл шыдайық. Сонда екі аптадан кейін жағдай жақсаратынына үміттенеміз", - деп қайталады Бекмағамбетов.

Еске салайық, Қостанай облысы 17 сәуір сағат 00.00-ден 1 мамыр сағат 07.00-ге дейін карантинге жабылады.

Облыстың бас санитар дәрігері Владимир Нечитайлоның қаулысында карантин кезінде тұрғындардың басқа елді мекендерге бара алмайтыны, сондай-ақ, таксимен қатынауға тыйым салынатыны айтылады. 500 метр қашықта орналасқан дүкендерге ғана баруға болатыны айтылған.

Қазір Қостанай облысында 5 адам коронавирус жұқтырған. Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 1341 адамға жетті. 240 науқас сауықты, 16 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer