Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 января 2020 13:19

Барлығына 20 мың теңгеден төлеу дұрыс емес - Сапарбаевтың наразы аналарға жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев неліктен отбасыдағы әр балаға 20 мың теңгеден берілмейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.


Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев неліктен отбасыдағы әр балаға 20 мың теңгеден берілмейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы ең негізгі формат. 

"Қазақстандықтар бір нәрсені ұмытпауы керек - бұл атаулы әлеуметтік көмек жағдайы нашар отбасылардың жағдайын жақсарту үшін мемлекет тарапынан уақытша берілетін көмек. Ол бірінші. Екінші, көптеген кездесуде жергілікті тұрғындардан негізінен бұл көмекті көпбалалы отбасыларға беру керек деген өтініштер түсті. Біздің негізгі ұстанымымыз - біріншіден, көпбалалы отбасыларды қолдау. Бес балаға қанша шығын кетеді не 1-2 балаға қанша шығын кететінін өздеріңіз білесіздер. Барлығына 20 мың теңгеден төлеу деген дұрыс емес", - дейді Сапарбаев. 

АӘК берудің жаңа форматы. Жиі қойылатын 10 сұрақтың жауабы

Премьер-министр орынбасарының сөзінше, әр балаға 20 мың теңгеден беру үшін ең алдымен оған кететін қаржыны есептеу керек. 

"Екіншіден, жаңа айтып өткенімдей, ең негізгі мәселе - оны мұқтаж адамдарға беруіміз керек. Біздің мақсатымыз сол. Қасым-Жомарт Кемелұлы "Масылдық пен мұқтаждықты айыра білуіміз керек" деп айтқан болатын. Біздің ойымызша, соңғы кездесулерде халықтың басым бөлігі мұны дұрыс қабылдады. Ең біріншіден жастарды, қазақстандықтарды жұмысқа үйретуіміз керек. Әркім өзінің отбасын өзі асырауы керек", - деді Бердібек Сапарбаев. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.15   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети