Теріскейде бір отар қойды түгелдей белгісіз жыртқыш жайратып кетті. Полицейлер қар бетінде қалған іздерді сілеусінге ұқсатып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Теріскейде бір отар қойды түгелдей белгісіз жыртқыш жайратып кетті. Полицейлер қар бетінде қалған іздерді сілеусінге ұқсатып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Талайды көрген тәртіп сақшыларының өзінің зәре-құтын қашырған оқиға 16 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданындағы мал шаруашылық кешендерінің бірінде болған. Мал бағушы шопанның айтуынша 44 бас қойдың қырылып қалғанын ол сенбі күні таңғы бестер шамасында көрген. Дереу Айыртау аудандық полиция бөліміне хабарлаған.
"Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанған. Тексеріс барысында барлық таланған қойлардың жұлым-жұлымы шыққан өлекселері анықталды. Қойлардың бәрін тамақтан алып бауыздай берген. Бір қойды толықтай жеп қалғандарын талап өлтіре берген. Полицейлер иттердің бұл іске қатысын жоққа шығарды. Табылған іздер малды жабайы жыртқышқа ұқсайтынын көрсетті", - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Айыртау ауданы полиция бөлімінің басшысы Марат Серкешевтің айтуынша аумақты бағдарлап қарау кезінде 500-600 метр шамасындағы жерден сілеусіннің табанына ұқсас іздер табылған.
Жалпы келтірілген материалдық шығын 1 миллион теңге шамасына бағаланып отыр. Аталған факт Айыртау ауданы полиция бөлімінің тіркеу тізімі кітабына енгізілген. Тексеріс шаралары одан әрі жалғасып жатыр.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.