ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
17 марта 2021 | 16:55

Бас санитария дәрігері Наурыз мейрамын қалай тойлау керегін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов мереке күндеріне орай ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов мереке күндеріне орай ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді келе жатқан наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Мереке күндері коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын, әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін сақтау қажет. Коронавирус инфекциясы жасы үлкен кісілер аса қауіпті екенін ұмытпаңыздар", - деді бас санитар дәрігер.  

Сонымен қатар, Ерлан Қиясов биыл Наурыз мерекесін қалай тойлау керегін түсіндірді. 

"Бұған дейін айтып өткеніміздей, бастысы өз денсаулықтарыңызға назар аударыңыздар. Осыған байланысты, әсіресе "қызыл" және "сары" аймақта тұрған өңірлерде адам көп жиналып, коронавирус жұқтыру қаупі жоғарылайтын шаралардың алдын алу керек. Одан бөлек, "жасыл" аймақта тұрған өңірлерде де адам көп жиналуының алдын алып, негізгі шараларды онлайн түрде өткізуді ұсынамыз", - деді Қиясов. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 226 767-ге жетті. Оның ішінде, 208 074 адам аурудан айығып, 2873 адам қайтыс болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.34   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети