ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
24 июня 2021 | 16:05

"Басшы қызметінен кетуі мүмкін". Мырзағали вакциналау паспортын сатқандар туралы

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Вакцинацияның электрон паспортын сатқандардың басшысы қызметінен айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Вакцинацияның электрон паспортын сатқандардың басшысы қызметінен айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Лаура Мырзағалидің айтуынша, Алматыда вакцинацияның электрон паспортын сату бойынша тіркелген жағдайлардан кейін басшыларға қатаң тапсырма берілген.

"Мұндай сыбайластық қауіп болмау үшін әркім өз ұжымын, екпе салатын пунктерін күнделікті тексеріп, бақылап отыруға міндеттелді. Қазіргі таңда бұл мәселеге әр медициналық ұйымның басшысы жауап береді, яғни, дербес жауапкершілік бар. Егер мұндай әрекеттер анықталып жатса басшы атқарып отырған қызметінен кетуі де мүмкін. Сондықтан, олар бұл туралы жақсы біледі және ескертілген", - деді Мырзағали.

Сонымен қатар, Лаура Мырзағали вакцина салдырғанын айтып, коронавирустың жылдам өзгеріп, жаңа штамдардың шығуына байланысты қайтара салу керек болса тағы да вакцина салдыруға дайын екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғыны бірнеше клиника атынан вакцинацияның электрон паспортын ұсынғаны хабарланған еді. Әр клиникаға байланысты паспорт бағасы 5 мыңнан 25 мың теңгеге дейін болған. 

Осыдан кейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакциналау паспортын сату мәселесіне қатысты пікір білдіріп, жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети