ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
01 октября 2020 | 15:42

Базардан тауық етін алу қауіпті ме? АШМ өкілі жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© seyminfo.ru © seyminfo.ru

Базарлардағы тауық өнімдерінің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Базарлардағы тауық өнімдерінің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов айтты.

"Тауық өнімдері базарларға ветеринарлық құжаттармен және ілеспе қағаздармен келеді. Ілеспе қағаз берген кезде ол өнімдердің бәрі тексеруден өтеді. Өнімді тексеретін лабораторияның сараптамасы шыққаннан кейін оған ветеринарлық анықтама беріледі. Өнім базарға жеткізілген кезде сол жақта ветеринар инспекторлар тағы тексеріс жүргізеді", - дейді Қабдолданов.

Оның айтуынша, базардың ішінде де ветеринарлық-санитарлық зертханалар бар.

"Базардағы әр өнім сатылатын орынның бәрі күнделікті бақылауда. Өнімнің режимі, температурасы, ол өнімдердің базарда сақталуы, олардың сатылу тәртібі барлығы күнделікті таңғы уақыттан кешке дейін бақылауда. Базардағы тауық өнімдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп толық айта аламыз", - деді АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы.

"Үлкен трагедия". СҚО-да тәулік ішінде құс тұмауынан 180 мың тауық қырылды

Еске салайық, құс тұмауының ошағы алдымен Ресейдің Солтүстік Қазақстанмен шекаралас аумағынан табылған еді. Кейін СҚО-да құстардың жаппай қырылғаны белгілі болды. Ал 17 қыркүйекте Ауыл шаруашылығы министрлігі аурудың аймақта таралғанын мәлімдеді. Содан кейін аймақта құс тұмауына байланысты карантин енгізілді.

24 қыркүйекте Павлодар облысының Железі ауданында үй құсы жаппай қырылып жатқан жаңа жағдай тіркелді. Екі ауыл карантинге жабылды.

Сондай-ақ 24 қыркүйекте Қостанай облысында құс тұмауының алғашқы жағдайлары тіркелді. Облыстағы Сарыкөл, Ұзынкөл және Меңдіқара аудандары карантинге жабылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети