РЕЙТИНГ ДЕПУТАТОВ СЕНАТА
30 июня 2024 | 18:07

Белгілі театр және кинорежиссері Талғат Теменов ауруханаға түсіп қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ашық дереккөз Ашық дереккөз

Белгілі театр және кинорежиссері, кинодраматург Талғат Теменов ауруханаға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі театр және кинорежиссері, кинодраматург Талғат Теменов ауруханаға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы журналист Серік Абас-шах әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"21 аптадан соң 70 жасқа толғалы отырған Талғат Теменов досым(ыз) сырқаттанып қалыпты (аяғына ота жасатып ауруханада жатыр екен). 4 қабатта орналасқан пәленшесінші палатаға кіріп шықтым. Адамзат тарихы туралы бір ғылыми кітапты қызыға оқып жатыр екен. "Мынаны тауып алып оқышы, Секе" деді. Мен бұл кітаптың менде бар екенін айттым. Екеуміз 59 минуттай әңгімелестік (түрлі тақырыпта). Шәй іштік (шәйді 21 желтоқсанда туған ақкөңіл медбике дайындап әкеп берді)", деп жазды Серік Абас-шах.

Айта кетейік, Талғат Теменов 1954 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай ауылында өмірге келген. Театр және кинорежиссері, кинодраматург. Өнертану профессоры. Қазақстанның халық әртісі (1999). Парасат, Құрмет ордендерінің иегері. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрыныңкөркемдік жетекшісі.

Алматы мемлекеттік консерваториясының театр бөлімін (1976) және Мәскеудегі бұрынғы КСРОМемлекеттік кино жанындағы жоғары режессерлер мен сценарийшілер курсын (1986, С.А. Соловьевтің шеберханасы бойынша) бітірген. Алғашында Талдықорған облысы драматеатры труппасында (1976 – 1780) актер болып қызмет етті. Бұдан кейін “Қазақфильм” студиясында режиссердің көмекшісі әрі сценарийші (1980 – 1982), кинорежиссер (1986 – 1987), қоюшы кинорежиссер (1988 – 1994), “Мосфильм” студиясында кинорежиссер (1987 – 1988), 1994 – 2000 жылы Алматы мемлекеттік театр және кино институтының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) ректоры, 2000 жылдан “Қазақфильм” кинокомпаниясының көркемдік жетекшісі, ал 2004 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрының директоры болып қызмет атқарады.

Алғаш қойған “Адамдар арасындағы бөлтірік” атты толық метражды көркем фильмі (1988) Майндағы Франкфурт қаласында өткен 15-Халықаралық кинофестивальдың Гран-при (Германия, 1989), Италияда “Күміс аю” жүлдесіне (1989, Джиффони) және Португалияда(1990) өткен Халықаралық кинофестивалінің арнайы жүлдесіне ие болды. Оның өзі жазған сценарийі бойынша қойған көркем фильмдері қатарында “Шаңырақ” (1983), “Қайдасың сен, Чапай?” (1984), “Торо” (1986), “Адамдар арасындағы бөлтірік” (1988), “Қызғыш құс” (1991), “Махаббат бекеті” (1993), т.б. бар; пьесалар да (“Алма бағы”, “Көгілдір такси”, соңғысын С.Сматаевпен бірге) жазған. Тарихи тақырыпқа қойылған “Көшпенділер” фильміне (2005) режылы ретінде қатысқан. 1994 жылдан педогог қызметпен (1996 жылдан профессор) айналысты. Теменов – “Қайырлы таң” (1979) және “Гүлнәз” (1986), “Ой жасын” (2004) атты повестер мен әңгімелер жинағының авторы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer