ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
20 августа 2019 | 16:17

Бердібек Сапарбаев жарты жыл министр болғанда елде не өзгерді?

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бердібек Сапарбаев. © Тұрар Қазанғапов Бердібек Сапарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Бүгін Бердібек Сапарбаевтың премьер-министрдің орынбасары қызметіне ауысқаны белгілі болды. Бұған дейін ол тура жарты жыл Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған еді. Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке Астанада жантүршігерлік оқиға болып, бес қыздың өмірін жалмаған өрттен кейін Мадина Әбілқасымованың орнына келген болатын. Сол кезден бері елімізде түрлі реформалар қабылданып, мемлекеттен әлеуметтік көмек беру ісінде елеулі өзгерістер басталды. Tengrinews.kz тілшісі Бердібек Сапарбаевтың еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде атқарған жұмыстары мен жасаған мәлімдемелерін ұсынады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Бердібек Сапарбаевтың премьер-министрдің орынбасары қызметіне ауысқаны белгілі болды. Бұған дейін ол тура жарты жыл Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған еді. Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке Астанада жантүршігерлік оқиға болып, бес қыздың өмірін жалмаған өрттен кейін Мадина Әбілқасымованың орнына келген болатын. Сол кезден бері елімізде түрлі реформалар қабылданып, мемлекеттен әлеуметтік көмек беру ісінде елеулі өзгерістер басталды. Tengrinews.kz тілшісі Бердібек Сапарбаевтың еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде атқарған жұмыстары мен жасаған мәлімдемелерін ұсынады.

Астанада өрттен қайтыс болған бес қыздың қазасы еліміздегі біраз проблеманы ашып берді. Осындай жағдайлар қайталанбауы үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тапсырма берген еді. Еліміздегі халықтың табысы мен өмір сапасын көтеру үшін жұмыс тобы құрылып, әсіресе көпбалалы отбасылардың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсаты алдыңғы орында болды. Жоғарыда да елеулі өзгерістер болды, 25 ақпанда Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. Басшылардың қатарында Бердібек Сапарбаев та бар, ол болған оқиғадан кейін халық наразылығын білдіріп, нағыз ызалы кезінде осы жағдайды реттеумен айналысатын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. 

Атаулы әлеуметтік көмек

Десе де, жаңа министр халықтың сұранысын қанағаттандыра алды ма? Ол жұмысын Елбасының тапсырмасы бойынша көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуден бастады. Атаулы әлеуметтік көмек 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін көтерілді. Аз қамтылған отбасынан шыққан балалар 18 жасқа толғанға дейін және оқу оқыған жағдайда 23 жасқа дейін оларға ай сайын кепіл көмек ретінде 20 789 теңге берілетін болды. Бұл сол кезде берілген төлемді орташа есеппен 40 пайызға дейін жоғарылатты. 

Сапарбаев мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға да көмек берілетінін айтып өткен еді.

"Жәрдемақыны 31,1 мың теңгеден 41,6 мың теңгеге өсіреміз. Мүгедек баланың күтіміне және 18 жастан асқан бірінші топтағы мүгедек балаларды асырап отырған 100 мың адамға берілетін жәрдемақы өседі. (...)", - деген ол.

Атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта 1 сәуірден бастап берілді. Отбасы табысы кедейлік шегінен төмен болса, ондағы әр бала ай сайын 20 789 теңге ала бастады. Мүгедек балалардың күтіміне берілетін жәрдемақы да өскен болатын. Бұл туралы Бердібек Сапарбаевтың өзі үкіметтегі баспасөз мәслихатында былай деп мәлімдеді:

"18 жастан асқан мүгедек балаларға осыған дейін 31 183 теңге берілсе, енді ол жәрдемақы 10 мың теңгеге өсіп, 41 578 теңгеге жетті". 


Бердібек Сапарбаев үкіметтегі баспасөз мәслихатында. © primeminister.kz

Елбасымен тапсырмасымен Қазақстанда 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар тізімі қысқарды. Әрине бұл реформаны жүзеге асыруда, құжаттарды дайындау уақыты мен кезек, "Е-халық" базасының дұрыс жұмыс істемеуі және басқа қиындықтардың болғаны мәлім, десе де бұрынғы министр мәселені шешу жолдарын үнемі хабарлап, жасап жатқан ісін халықтың назарында ұстады. 

Ол кезек мәселесінде, халыққа құжат тапсыру үшін барлығына бір күнде барудың қажеті жоқ деген. Себебі құжат қабылдау уақыты бір айға созылған. 


Көпбалалы анамен кездесу сәтінен

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмекті түсіндіру мақсатында Сапарбаев Атырау облысына барған еді.

"Бірде-бір отбасы мемлекет назарынан тыс қалмайды, бұл мақсатта республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Біздің міндетіміз - әрбір қазақстандыққа мемлекеттен барынша көмек беру", - деген болатын ол. 

АӘК-ге қатысты түрлі қауесеттердің болғаны да белгілі. Мысалы, оларды бірі - атаулы көмек бір квартал ғана беріледі. Осыған байланысты Сапарбаев мәлімдеме жасаған болатын. Ол көпбалалы аналарды "ешкімді тыңдамауға" шақырды. Бұл 10 жылдық бағдарлама екенін түсіндіріп, шуды басқан. Сонымен қатар, ол әлеуметтік көмекті алаяқтық жолмен алғандар жазаланатынын мәлімдеген болатын. Ал оларға көмектескен делдалдар бірінші болып қылмыстық жазаға тартылатынын айтқан. 

Бүгінде Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алатын 341 мың отбасы немесе 1 миллион 800 мың адамға 103 миллиард теңге төленді. Бұл ретте АӘК алушылардың 38 пайызы Шымкент қаласы (9 пайыз) мен Түркістан облысының (29 пайыз) тұрғындары.

Үкімет үйінің алдына жиналған көпбалалы аналар

Естеріңізде болса, биыл жазда елордада 70-ке жуық көпбалалы ана баспана мәселесін шешуді талап етіп, Үкімет үйінің алдына жиналан еді. Олар ипотека бойынша 10 пайыздық бастапқы жарнаның, жылдық 2 пайыздың күшін жоюды және тұрғын үйді жалға емес, бірден меншікке беруді талап еткен. Сол кезде оларды тыңдауға қала әкімі, вице-премьермен бірге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Бердібек Сапарбаев та шыққан болатын. 

Ол көпбалалы аналар ешқандай кезекке тұрмай, алдын ала жарнасыз, ипотека рәсімдемей үй сұрап отырғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, олар жұмыс сұрағанда әңгіме басқаша болатын еді.

"Қазір пәтер алуға кезекте тұрған 31 мың адам бар. Мемлекет оларға баспана беруге міндеттеме алған. Ал жағдайы төмен әйелдерге демеуші тартып жатырмыз... Олар "бер, бер" дейді, олай болмайды ғой. Біз оларға мамандығы болмаса да жұмыс ұсынып отырмыз. "Еңбек" бағдарламасымен тегін оқуға болады. Мамандық беріп, кейін еңбекке тұруға көмектесеміз...", - деген ол. 


Көпбалалы аналармен Үкімет үйі алдындағы кездесу сәтінен. © currenttime.tv

Президент сайлауы кезінде де Сапарбаев мәлімдеме жасаған. Ол АӘК сайлаумен мүлде байланысты емес екенін айтқан.

"Ең бастысы, 130 миллион теңге осы жылға қарастырылған. Оның 67 миллионы бірінші жартыжылдықта жұмсалды", - деген экс-министр.

Сапарбаевтың кезіндегі зейнетақы өзгерісі

Бердібек Сапарбаевтың кезінде Қазақстанда орташа зейнетақы 85 мың теңгеге жетті. Он жылдан астам еңбек өтілі бар 2,1 миллионнан астам адам үшін базалық зейнетақы орта есеппен 80 пайызға өсті. Себебі зейнетақы мөлшері еңбек өтіліне тікелей байланысты болды.

Сапарбаевтың кезіндегі жалақы

Сапарбаевтың айтуынша, биыл маусым айынан бастап бюджеттік саланың жекелеген қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға дейін артқан. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1 миллионнан астам азаматтық қызметшілер маусымда жоғары жалақы алатынын мәлімдеген.

"Қазіргі уақытта 203 мыңнан аса жұмыс беруші 1,1 миллион адамның еңбекақысын арттыру міндетін өз мойнына алды... Енді бір қызметкердің орташа жалақысы 114,5 мың теңге болады (2019 жылғы 1 маусымға дейін 99,6 мың теңге болады). 2019 жылға аталған өзгерістерге республикалық бюджеттен 144,3 миллиард теңге көзделген", - деген ол.

Оралман мәселесі

Қазақстанға оралғысы келетін этникалық қазақтардың да мәселесі қаралды. Бердібек Сапарбаев оларға еліміздің кез келген аймағына қоныстануға рұқсат берілетінін айтты және көшіп келсе, әр отбасы мүшесіне шамамен 88 мың теңге берілетінін хабарлаған болатын. 

"Оралмандарға жергілікті жерге байланысты, қала немесе ауыл, бірден пәтер немесе тұрғын үй ұсынылмаса, 12 ай бойы 30-дан 70 мың теңгеге дейін төленеді", - деген Сапарбаев. 

Арыстағы жарылыстар

Арыстағы жарылыстардан кейін Шымкентке эвакуацияланған тұрғындар Nur Otan партиясы ғимаратының маңында санкцияланбаған митингіге шыққан болатын. Олар "Арыстың болашағы жоқ, онда баруға қорқамыз" деп, Шымкенттен үй беруді талап еткен. Осыған байланысты Бердібек Сапарбаев арыстықтардан арандатуға ермеуін, қауесеттерге сенбеуін өтінген. Сонымен қатар, ол әскери бөлім Арыстан көшірілетінін айтқан.

Сонымен қатар, бұрынғы министр Арыс тұрғындарын қаланы қалпына келтіру, тұрғын үй, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды жөндеу бойынша ақылы жұмыстарға белсенді қатысуға шақырған.

"Еңбек министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі қала тұрғындарына жұмысқа орналасуға және өз ісін ашуға көмектеседі. Ешкім жұмыссыз қалмайды. Бұл мәселе ерекше бақылауда", - деген еді Сапарбаев.
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer