ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов биыл Ұлттық біріңғай тестілеу қалай өтетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов биыл Ұлттық біріңғай тестілеу қалай өтетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл ҰБТ электрон форматта өтеді. Жалпы 2004 жылдан бастап тестілеу қағаз форматында өткізілген. Бүгінде тест мемлекеттік грантты жеңіп алу конкурсына қатысу үшін ғана тапсырылады. Биыл тест тапсыратын 120 мыңнан аса оқушы бар.
Енді ҰБТ бұрынғыдай 7-10 күн аралығында емес, үш ай бойы жүргізіледі. Биылғы тестілеудің ерекшелігі - тестті қай күнде, қай уақытта және қай жерде тапсыратынын оқушының өзі таңдайды.
Сонымен қатар, тест нәтижесі жұмыс күнінің соңында емес, тест тапсырғаннан кейін бірден шығады. Оқушы нәтижемен келіспеген жағдайда сол күні 30 минуттың ішінде апелляцияға беруі тиіс.
Тест "Бір тестілеуші - бір компьютер - бір камера" принципі бойынша өтеді. Демек әр оқушы жеке компьютермен отырып тест тапсырады.
Тестте ақпараттық қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінеді: тестілеу процесі шифрлау элементтері бар арнайы жабық VPN желісі арқылы өтеді.
Тест үш ай бойы: сәуір, мамыр, маусым айларында өтеді. Бұл уақыт аралығында оқушылар екі рет тест тапсыра алады. Тесттің ең үздік нәтижесімен конкурсқа қатысуға мүмкіндік алады.
Пәндер саны бұрынғыдай: үш міндетті және екі бейіндік пән. Тест тапсырмасының саны да, уақыты да өзгермейді - жалпы 120 тапсырмаға 4 сағат беріледі, ең жоғары балл - 140.
Сондай-ақ биыл коронавирус пандемиясына байланысты санитарлық талаптар сақталады: оқушылар маскамен кіргізіліп, әлеуметтік қашықтық сақталып, әр оқушы әйнекпен қоршалып отырады.
Тест кезінде калькулятор алып кіруге рұқсат беріледі. Алайда тапсырушыдан тыйым салынған зат табылған жағдайда оның тестілеу нәтижесі жойылып, тестті жалғастыруына рұқсат берілмейді. Сонымен қатар, 25 тамызға дейін бақылау камералары тағы да қаралып шығады. Қандай да бір тәртіп бұзу байқалған жағдайда, ереже бұзған оқушының тест нәтижесі жойылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!