02 июля 2020 | 09:54

Болашақта қазақстандықтардың адами әлеуеті жоғары болуы қажет - Тоқаев коронавирус туралы

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Егемен Қазақстан" газетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы мақаласы жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Егемен Қазақстан" газетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы мақаласы жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент биылғы алғашқы жартыжылдық бар­лық әлем елдері секілді Қазақстанға да оңай тимегенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Жаһанды әбігерге салған пандемия бізді де айналып өтпеді. Бұл сын-қатерлер халқымызды біріктіре түсті. Нұрсұлтан Назарбаевтың "Біз тәуел­сіздікті сәт сайын қорғауымыз керек!" деген қанатты сөзі бар. Жер шары­ның тұрғындарына қауіп төндірген қатерлі дерттен азаматтарымызды қорғау - тәуел­сіздігімізді де қорғау деп білемін", - деді ол.

Мен Елбасынан көп нәрсе үйрендім, өмірлік өнеге алдым - Тоқаев

Сондай-ақ Мемлекет басшысы індетпен күресте Елбасы жетекшілік ететін Nur Otan партиясының жалпыхалықтық "Біз біргеміз" акциясын атап өтті.

"Індетпен күрес шаралары әлі жал­ғасады. Елбасы осы сындарлы кезеңде де елімен етене екенін білдіріп, өзі же­текшілік ететін Nur Otan партиясының жалпыхалықтық "Біз біргеміз!" акция­сын жариялады. Үндеу тастап, үнемі бір-бірімізге қолдау көрсетуге шақырды. Күллі ел Елбасының ізгілікке шақыруын қабыл алып, күрделі кезеңде береке-бірліктің үлгісін көрсетуде. Бұл игі бас­тама Нұрсұлтан Әбішұлының халықты мемлекеттік мүддеге жұмылдырушы тұлға екенін тағы да айқын танытты", - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің ел экономикасына әсер еткенін атап, әлеуметтік қолдаумен бірге халықты еңбекке тарту­дың маңызы зор екенін жеткізді.

"Елдегі әлеуметтік ахуалды оңалту - біздің негізгі міндетіміз. Әлеуметтік қолдаумен бірге халықты еңбекке тарту­дың маңызы зор. Сондықтан жаңа жұмыс орындарын құруға күш салатын боламыз. Қазақстанның білімі мен ғылымын дамытуға ден қоямыз. Бұл - ел экономикасы мен келешегі жолындағы нақты қадам. Болашақта қазақстандықтардың адами әлеуеті жоғары болуы қажет", - деді Президент.

Еске салайық, 2020 жылғы 19 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кетті. Ол келесі сайлау мерзіміне дейін өкілеттігін Сенат төрағасына тапсырып, Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 20 наурызда Қазақстан Президенті міндетіне кірісті. Сөйтіп, 12 маусымда сауландан кейін Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. 

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1509 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде 981 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны - 42 574. Сондай-ақ 13 845 адам аурудан айықты. 188 науқас қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная