Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 июля 2020 09:40

Мен Елбасынан көп нәрсе үйрендім, өмірлік өнеге алдым - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетінда Елбасы туралы мақала жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетінда Елбасы туралы мақала жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сұхбат барысында Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан көп өнеге алғанын айтады. 

"Мен Елбасынан көп нәрсе үйрендім, өмірлік өнеге алдым. "Төрелі жерге ел тоқтайды, төбелі жерге мал тоқтайды". Былтыр еліміздің тарихында үлкен бетбұрыс болды. Тұңғыш Президент биліктің ауысуы барысында маған өлшеусіз сенім артты. Бұл тағы да Елбасы ел мүддесі жолында кез келген шешімге бара алатын ерекше батылдығын байқатты. Ең бас­тысы, біз биліктің ауысуын тұрақтылық жағдайында өткізе білдік. Бұл - Елбасының парасаты мен көрегенділігін көрсеткен тарихи оқиға. Былтырғы Президент сайлауында халық Елбасының стратегиялық бағдарын қолдап дауыс берді. Сондықтан бұл жеңіс - халқымыздың жеңісі!

Менің "Игілік - баршаға! Сабақтас­тық. Әділдік. Өрлеу" атты сайлауалды бағдарламам Елбасының бастамасымен қол жеткізген жетістіктерді еселеуге, Тұң­ғыш Президенттің бағытын жалғас­тыруға негізделген. Осылайша елімізде сабақтастық салтанат құрды. Бұл бағытта "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асырудамыз. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ел ішіндегі күрделі мәселелерді билік тармағына жеткізуші алаңға айналды", - дейді Президент. 

Еске салайық, былтыр 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтты. Президент келесі сайлау мерзіміне дейін өкілеттігін Сенат төрағасына тапсырып, Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 20 наурызда Қазақстан Президенті міндетіне кірісті. Сөйтіп, 12 маусымда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды басқаруды сеніп тапсыра алатын адам Тоқаев екенін айтып өткен болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети