ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
16 декабря 2020 | 10:00

"Болмай қалғыр тарихшылар". Танымал ресейліктер дума депутаттарына жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Первый канал" эфирінде Мемлекеттік Дума депутаты Вячеслав Никоновтың "Қазақстан деген ел болмады" деген сөзі желіде тарап, қызу талқыға түсті. Көптеген қазақстандық депутатқа Қазақстан тарихын оқуға кеңес беріп, кейбір оқырман шенеуніктің кешірім сұрауын талап етті. Депуттаттың бұл мәлімдемесіне қатысты ресейлік танымал тұлғалар мен шенеуніктер пікір білдірді.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Первый канал" эфирінде Мемлекеттік Дума депутаты Вячеслав Никоновтың "Қазақстан деген ел болмады" деген сөзі желіде тарап, қызу талқыға түсті. Көптеген қазақстандық депутатқа Қазақстан тарихын оқуға кеңес беріп, кейбір оқырман шенеуніктің кешірім сұрауын талап етті. Депуттаттың бұл мәлімдемесіне қатысты ресейлік танымал тұлғалар мен шенеуніктер пікір білдірді.  

Вячеслав Никоновтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдіргендердің бірі - Ресейдің танымал музыкалық продюсері Иосиф Пригожин. Ол Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс берік және бауырлас ел болып қала беретінін атап өтті.

"Қазақстан біз үшін және мен үшін бауырлас мемлекет, мен ол елді құрметтеймін және жақсы көремін. Ең алдымен Қазақстан біздің маңызды одақтасымыз. Соңғы 30 жылдағы жағдайға көз жүгіртсек, бұл - тепе-теңдік, достық және бауырлас қатынасымыз әлі күнге дейін сақталып келе жатқан елдердің бірі. Мұндай берік қарым-қатынас Нұрсұлтан Назарбаевтың парасаттылығының арқасында да орнады. Біздің қарым-қатынасымыз берік әрі іргелі және арамызда ешқандай шектеуді сезбейміз. Меніңше, бұл - біздің байланысымыздағы маңызды аспект" - дейді Пригожин.

Продюсер саясаткер емес екенін және мұндай мәлімдеменің астарында қорлау жатқанын айтады.

"Қарапайым халық "сыйлық" деген сөзді түсінбеуі мүмкін. Мен қарым-қатынастың бұзылуына қарсымын және біздің екі ел арасындағы байланыстың өзгеруінен құдай сақтасын. Себебі мен үшін Қазақстан - екінші үйім секілді", - дейді әртіс.

Ол Кеңес одағы ыдыраған кезде Қазақстан өзге де елдер секілді бөлек шыққанын атап өтті.

"Кеңес Одағы кезінде не болғанын еске алудың не қажеті бар? Неге өткенді қазбалай береміз? Неге болашақ, осы күн туралы айтпаймыз? Неліктен екі ел арасындағы Кеден одағы, берік қарым-қатынас туралы айтпаймыз? (...) Мен қоғамды ақылға келіп, асығыс шешім қабылдамауға шақырамын. Қазір бастысы - қарым-қатынасымызды сақтап, үшінші жақтағы адамдарға біздің бетпе бет келуімізге итермелеуінің алдын алуға шақырамын", - деді продюсер.

MuzTV арнасының бас директоры Арман Давлетьяров та ресейлік депутаттың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Парламенттің жекелеген мүшелерінің ешбір мәлімдемесі біздің халықтардың көпғасырлық достығын бұза алмайды. Саясаткерлер келеді, кетеді, ал елдер арасындағы тату көршілік қатынастар сақталады. Сауалнама бойынша ресейліктердің көбі Қазақстанды "ең мейірімді көрші" деп атайды. Бұл бос айтылған сөздер емес.

Ұлы Отан соғысы кезінде мыңдаған эвакуацияланған адамды қабылдаған қазақ отбасыларының қонақжайлылығы, тың жерлерді игеру кезіндегі комсомол көтерілісі барлығының есінде.

Ал Байқоңыр екі елдің ғылыми-техникалық прогресінің нышаны болған және солай болып қала береді! Сондықтан біздің достығымыздың тарихын балаларымыз бен олардың немерелері мен шөберелерінің ұрпақтары жазатынына сенімдімін және біз Қазақстандағы орыстарды және Ресейдегі қазақтарды қабылдай отырып, бауырлас үстелді әрқашан бөлісеміз. Өйткені, жақсылық әрқашан жеңіске жетеді!", - деп жазды ол.

Думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Виктор Водолацкий ТАСС агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Вячеслав Никоновтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

"Ресей Федерация Қазақстан Республикасының егемендігін мойындайды. Біз үшін бастысы Қазақстан - бірнеше келісім, келіссөз жасалған достық мемлекет. (...) Сондықтан, меніңше, бұл жанжал шешімін табады, ал саясаткерлердің талқылауы кезінде болған әңгімені әртүрлі жолмен түсіндіруге болады", - дейді Водолацкий.

Бұдан кейін ресейлік тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, Новосібір облысының бұрынғы вице-губернаторы Виктор Козодой Вячеслав Никоновтың сөзін жоққа шығарып, тарих беттерінен дәлел келтіреді:

"Өткен аптадағы "сөзталастан" біздің кейбір азамат, оның ішінде біздің сельподағы коммуналдық депутаттар тарих туралы білімін "Иван Васильевич меняет профессию" сияқты кеңестік кинокомедиядан алады-ау деймін. Естеріңізде болса, фильмде Иван Грозный (оның рөлінде Ю.Яковлев ойнаған) "Казань брал, Астрахань брал, Шпака не брал" дейді. Осы күшті "әдістеменің" негізінде біздің болмай қалғыр-ұлтшылдар Қазан мен Астрахан хандықтары болған деген шешім жасайды, ал басқасы туралы айтылмағандықтан, олар тіпті болмаған деген тұжырымға келеді, қазақ мемлекеттігі (кеңес өкіметіне дейін) болмаған деп аузы көпіріп дәлелдегісі де келген. Осындайлар кеңес заманына сілтегенді жақсы көреді. Кеңес десеңіздер кеңеске назар аударайық. Әдебиетке қарайық.

1943 жылы М.Әбдіқалықов пен А.Панкратованың (КСРО ҒА академигі, сөзіне ешкім күмән келтіре алмайтын ғылыми авторитет) "Истории Казахской ССР" атаулы бірінші кітабы шығады. Соның 94-бетінде, яғни 9 параграфында "Қазақ хандының құрылуы мен дамуы" бар, онда "Мемлекет құрылып, Қазақ хандығының негізіне айналған" деген сөз бар. Ары қарай кеттік, 95-бет, "Жас мемлекеттің халық саны өсіп жатты. XV ғасырдың 60-жылдары онда 200 мың адам болды. Қазақ хандығын Жәнібек басқарды".

1949 жылы И.Омаров пен А.Панкратованың редакциясындағы екінші кітап шықты. "Кеңестік тарихтану" осындай.

Қазақ хандығының құрылған жылы деп 1465 жыл көрсетілген (еске салайын, Орыс мемлекетінің "тәуелсіздік" алған жылы - 1480, Уградағы Ұлы қорғаныстан кейін, сосын 15 жылдан кейін болғаны осы, бұл жақсы я жаман емес, бұл Новосібірде қазір қыс және қар бар деген сияқты шынайы факт).

Сондықтан тарихты кинокомедиямен емес, ғылыми зерттеулерден оқу керек, әсіресе кеңес кезінде тұжырымдалып, жоққа шығарылмағанын...", - деп пікір білдірген тарихшы Facebook желісіндегі парақшасында.


Виктор Козодой Ельцин-орталықта дәріс оқып жатыр. © wikipedia.org

Еске салайық, Вячеслав Никонов "Первый канал" эфирінде Қазақстан деген ел болмады деген. 

Артынша Қазақстан жері туралы өз сөзін былай түсіндірді:

"Қазақ КСР шекарасын бекітуде Қазақстан мүддесі толықтай ескерілді. Кейін Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болды. Мүмкіндікті пайдалана отырып, бауырлас Қазақстан халқына ыстық ілтипатымды білдіріп, "Большая игра" бағдарламасында мен дәл осы нәрсені айттым", - деп жазды ресейлік депутат Telegram-каналында.

Ал 12 желтоқсанда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға қатысты арандатушылық әрекеттерінің жиілеп кетуі мемлекеттеріміз арасындағы одақтастық қатынастарға айтарлықтай нұқсан келтіретіні айтылып, ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer