ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
07 августа 2020 | 18:03

Бір тәулікте коронавирустан 30, пневмониядан 18 адам көз жұмды. Күннің басты жаңалықтары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда соңғы бір тәулікте коронавирустан 30, пневмониядан 18 адам қайтыс болған. Сондай-ақ, бүгін ел тарихындағы ең ірі есірткі зертханасы жойылды. Tengrinews.kz тілшісі 7 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасайды. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда соңғы бір тәулікте коронавирустан 30, пневмониядан 18 адам қайтыс болған. Сондай-ақ, бүгін ел тарихындағы ең ірі есірткі зертханасы жойылды. Tengrinews.kz тілшісі 7 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасайды. 

Коронавирус жұқтырғандар саны артты

Соңғы бір тәулікте Қазақстанда 980 адамнан коронавирус табылған. Оның ішінде 502 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 186 / 75
Алматы қаласы - 175 / 111
Шымкент қаласы - 26 / 15
Ақмола облысы - 31 / 19
Ақтөбе облысы - 2 / 0
Алматы облысы - 46 / 36
Атырау облысы - 44 / 41
Шығыс Қазақстан облысы - 92 / 29
Жамбыл облысы - 40 / 20
Батыс Қазақстан облысы - 58 / 22
Қарағанды облысы - 85 / 35
Қостанай облысы - 35 / 8
Қызылорда облысы - 33 / 18
Маңғыстау облысы - 33 / 28
Павлодар облысы - 22 / 6
Солтүстік Қазақстан облысы - 45 / 22
Түркістан облысы - 27 / 17

Осылайша, Қазақстанда барлығы 96 922 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 70 680 адам аурудан айыққан. 

Сондай-ақ, кеше елімізде COVID-19 жұқтырған 30 адам қайтыс болды. Елімізде коронавирустан көз жұмғандар саны 1159-ға жетті. 


Фото ©РИА Новости

1 424 адамнан пневмония табылған

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 7 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады. 

Бұл ақпаратқа сәйкес, кеше 1 424 адамнан коронавирус симптомдары бар пневмония табылған. 

"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 424 жағдайы және 18 өлім жағдайы тіркелді", - делінген хабарламада. 

Осылайша, 1 тамыздан бері есептеліп келе жатқан статистика мынадай: пневмониямен ауырғандар - 11 008. Оның ішінде 120 науқас қайтыс болған. 

2,2 миллионнан аса қазақстандыққа төлемақы берілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінге дейін 2,2 миллионнан аса қазақстандық карантин кезінде табысынан айырылғаны үшін төлемақы алған. 

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 миллион 480 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға - 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 227,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 миллион 138,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ - 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Төлем 2 миллион 249,1 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 миллион 227,1 мың қазақстандыққа аударылды.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Елге 13 миллиард теңгеге жуық дәрі-дәрмек жеткізілген

Қазақстанда пандемия басынан бері 12,8 миллиард теңгеге дәрілер жеткізілген. "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев онлайн-блифингте КВИ жұқтырған науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің тапшылығын жою бойынша қабылдаған шаралар туралы айтып берді.

Ең алдымен қысқа мерзімде дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін жедел шешуге көмектесетін шұғыл шаралар кешені жасалған екен:

"КВИ емдеу үшін дәрілік заттардың айлық қорын 2,6 миллиард теңгеге жөнелту.

40 мың пациент үшін 8,7 миллиард теңге сомасына қосымша мөлшерде сатып алу.

24 миллиард теңге сомасына 100 мың пациентті емдеуге арналған дәрілік заттар бойынша 2 айлық резерв қалыптастыру.

Сұранысқа ие препараттарды бөлшек саудада өткізу", - деді Ерхат Есқалиев.

Ел тарихындағы ірі есірткі зертханасы жойылды

Сондай-ақ, бүгін ел тарихындағы ірі есірткі зертханасы жойылды. 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылғы 27 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында зертхана жағдайында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған Қазақстанның екі азаматын ұстады.

"Зертхананы, ұсталғандардың тұрғын үйі мен автокөлігін тінту барысында сатуға дайын және кристалдау кезеңінде тұрған жалпы алғанда 55 келідан артық жоғары сапалы "мефедрон" есірткі заты (алынған партияның "қара нарықтағы" құны шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды), сондай-ақ ірі сомадағы шетел валютасы мен атыс қаруы алынды", - делінген хабарламада. 

Одан басқа, есірткі өндірудің толық әрі сапалы циклын қамтамасыз ететін зертхана жабдығы, 30 келі есірткі жасау үшін жеткілікті бір тоннаға жуық прекурсор мен химиялық реагенттер алынған.

Күдіктілер бастапқыда тұрғылықты жері бойынша жасырын есірткі синтезін ұйымдастырған. Кейіннен есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатау ұлттық паркі" аумағында коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіру бойынша толыққанды жасырын зертхана ашқан.    

"Ұсталғандардың айтуы бойынша, өндірілген есірткі Қазақстанда тазалығы мен сапасы бойынша ұқсасы болмағандықтан, ірі қалалардың сатып алушылары арасында жоғары сұранысқа ие болған", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети