ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
09 июля 2020 | 10:18

Бірнеше ішкі мүше жұмысын тоқтатты - Түркістан әкімі көрген қиындығын баяндады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан әкімі Рашид Аюпов. Фото:  facebook.com/rashid.ayupov Түркістан әкімі Рашид Аюпов. Фото: facebook.com/rashid.ayupov

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов коронавирустан қалай емделіп жатқанын және қазіргі жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов коронавирустан қалай емделіп жатқанын және қазіргі жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен ол жақындары бақилық олған отандастарына қайғырып көңіл айтты.

"Ардақты ағайын! Қадірменді жанашыр достарым! Құрметті жерлестер! Зұлым індетке шалдығып, мен де біраз уақыт араларыңызда бола алмадым. Ең алдымен, жақындары бақилық болған Отандастарыма қайғырып көңіл айтамын. Қысқа мерзімде қатарымызды жалмап бара жатқан мына індеттің салдарын көріп көңілім құлазыды. Алла баршамызға медет болып, қайтыс болған жандарды жәннәттық еткей", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, аурудың салдары өте ауыр болған. Соңғы тест нәтижесі де коронавирустан ағзадан кете қоймағанын көрсеткен.

"Осы екі апта ішінде дұғада болған әр біріңіздің арқаңызда, Алла қалауымен, ел қатарына оралуға мүмкіндік бұйырып отыр. Тез арада асқынып кеткен аурудан, қолдарынан келгенше, қолдап аман алып қалған дәрігерлерге алғысымды сөзбен жеткізу қиын. Осындай заманда әр бір жан үшін ажалмен арпалысуға бар жігерін тынбастан салып жүрген абзал адамдардың мерейі үстем болсын әрдайым! Бұл ауру, өкінішке қарай, салдарсыз өтпеді. Бірнеше ішкі мүше жұмысын тоқтатып, енді қайта қалпына келтіру қажет болып тұр. Әлі де ұзақ уақыт оңалу шараларын жасаймын бұйырса. Соңғы тест нәтижесі де коронавирустың ағзамнан кете қоймағанын көрсетті. Дегенмен, елге қызмет етуге, мүмкіндігімше, қайта ораламын. Әрине, барлық сақтық шарттарын орындай отыра. Дәл қазір жағдай еш бірімізге де оңай болып тұрған жоқ. Біртіндеп, бірігіп, жағдайды қайта жақсартып аламыз деп сенемін", - деп жазды қала әкімі.

"Басымнан өткен қиындықтар тірі жанның басына бұйырмасын деп тілеймін. Осы ретте, барынша сақтық шараларын орындау қажеттілігін тағы бір мәрте естеріңізге салуға рұқсат етіңіздер. Ең маңыздысы: бетперде, достар! Арақашықтық! Тазалық! Өтініш, "сақтанғанды сақтайды" демекші, сақ болыңыздар! Жасы үлкендерді барынша қорғап қалуға тырысайық!", - деп үндеді шаһар басшысы тұрғындарды.

Сондай-ақ, ол кәсіпкерлерге де үн қатты.

"Құрметті кәсіпкерлер! Елімізде орын алып тұрған жағдайды бәріміз де көріп отырмыз. Жоққа шығаруға тырысудың, көз жұма қараудың еш мәнісі болмаған, қазір де жоқ. Сіздерге деген үлкен өтініш: қиын қыстау заманда елімізге бірігіп қол ұшын созайық. Біздің қолдан келмегенді сіздер жасай аласыздар. "Халқым үшін бармын!", "Қолдауға шамам жетеді!" дегендеріңізді жекеге жазуларыңызды өтінемін. Қазір қандай да көмек маңызды! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!", - деп жазды Аюпов.

Айта кетейік, Аюповтың коронавирус жұқтырғаны 22 маусымда белгілі болған еді. 

"Осыдан бірнеше күн бұрын денсаулығым сыр беріп, дәрігерлер көмегіне жүгінген едім. Алдыңғы күні тапсырған ПТР анализі оң нәтиже көрсетіп, Covid-19 індетіне шалдыққанымды растап отыр", - деп хабарлаған еді сол кезде шаһар басшысы.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 53 мыңнан асты. 35 137-сі аурудан айықты. Соңғы мәлімет бойынша, 280 адам қайтыс болған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 496.01   523.53   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети