ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
11 июня 2020 | 10:43

Біртанов өз баласын вакцинациялаудан бас тартатын ата-аналардың қаупін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
@ Reuters @ Reuters

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сенат отырысында баласын вакцинациялаудан бас тартатын ата-аналарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасын таныстыру барысында айтты.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сенат отырысында баласын вакцинациялаудан бас тартатын ата-аналарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасын таныстыру барысында айтты.  

"Ата-аналар өз баласын вакцинациялаудан бас тарта отырып, баланың денсаулығын, құқықтарын шектейтінін атап өткен жөн. Жалпы егілмеген адам саны өсуі ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне және халық арасында вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулардың таралуына алып келеді", - дейді министр.

Оның айтуынша, биыл қызылша ауруымен ауырғандардың арасында 21 өлім, оның ішінде 19 бала өлімі тіркелген.

"Республикамызда қызылшаның өршуі кезінде 13 800-ден астам жағдай, балалар арасында 9 887 жағдай тіркелді. Сырқаттанушылық 83,4 пайызы егілмеген балалар арасында тіркелді. 2018 жылғы 1 қарашадан бастап 2019 жылдың аяғына дейін - 8 244 бала. Халықтың арасында вакцинамен басқарылатын инфекциялар жағдайларын тіркеу осал топтарға жататын балалардың өміріне қауіп төндіреді", - деді ол.

Сонымен қатар, ведомство басшысы аталған норманы жұртшылықпен талқылау нәтижесінде профилактикалық екпелер мен міндетті және ерікті болып бөлінгенін еске салды. 

"Міндетті профилактикалық егулерге жоспарлы профилактикалық егулер және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық егулер жатады. Жоспарлы вакцина алмаған балаларды мектепке дейінгі оқу мекемелеріне жіберу ұжымдық иммунитет шекті деңгейіне жеткен жағдайда мүмкін болады", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer