ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 марта 2022 | 14:42

Біз үшін үлкен сабақ болуы керек - депутат Айдос Сарым "қаңтар оқиғасы" туралы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым қаңтардағы тәртіпсіздік кезіндегі Президенттің батыл шешімдері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым қаңтардағы тәртіпсіздік кезіндегі Президенттің батыл шешімдері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сарым Парламент, сөзсіз, заң мен фактіге сүйеніп, эмоциядан гөрі қатал қисынға, лирикасыз логикаға негізделіп сөз сөйлейтін орын екенін атап өтті.

"Бірақ бүгінгі күн тақырыбы мені дәл осы тәртіптен озып, эмоцияға негізделген сөз сөйлеуге итермелеп отыр. Артық айтсам, асыра айтсам, айып етпеңіздер. Қаралы қаңтар оқиғалары біз үшін үлкен сабақ болуы керек. Айналдырған үш-төрт күн біздің санамызды дүр сілкіндіріп, қарапайым қағидалар мен мәңгілік құндылықтардың да әлсіз, қорғансыз екенін көрсетті. (...) Шынын айтайықшы, қаңтар күндері қазақ елі, қазақ ұлты өзінің Мемлекеттігінен, тәу еткен Тәуелсіздігінен айырылып қала жаздады. Осы трагедияны жоспарлаған, осыдан ұпай жинап, мемлекетті төңкергісі келгендердің діттеген сасық мақсаттары мен пасық ойлары іске асқан болса, елімізде кейбір әсіре патриот азаматтардың түсіне кірмеген антиутопиялар жүзеге асар еді", - дейді депутат. 

Айдос Сарым қаңтардағы тәртіпсіздік кезіндегі Президенттің батыл әрекеттері туралы айтты. 

"Жағынайын-жағымпазданайын деп айтып отырған жоқпын, қас шындығы, анығы бір: президентіміз, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дер кезінде тиісті тарихи шешімдерді қабылдамағанда, "Қайтсе де астанада қаламын, елмен бірге боламын" деп табандылық танытпағанда, біздер бүгін мына жиынды өткізіп отырмас едік. Мемлекеттігімізден, тұтастығымыздан айырылып, автомобиль емес, автомат іздеп, ұрандаған Украинадан бұрын тұңғиыққа батып, шашылып жатар ма едік, кім білсін? 

Шынын айтайық, мұндай тарихи шешімдерді Президент Тоқаев жеке-дара қабылдады. Ең бастысы - сол үшін орасан зор жауапкершілікті де мойнына жеке дара артты. Көпшілігіміз президент мойнына артқан тарихи жауапкершілік, мәңгілік миссия биіктігіне сол күндері шыға алған жоқпыз. Көпшілігіміз президентті алдығ шығарып, артына тығылып, жасқанып, қорқып, үрейленіп қалдық! Әлі де биіктеп, көтеріле алмай келеміз", - дейді депутат. 

У Tengrinews.kz есть Telegram-канал. Это быстрый и удобный способ получать самые главные новости прямо на твой телефон.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer