ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
24 ноября 2020 | 10:58

"COVID-19, бюджет тапшылығы". Қазақстан екі банктен 1,5 миллиард еуро қарыз алады

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев екі банктен қарыз алу туралы келісімді ратификациялау заң жобасын таныстырды. Қарыз 2021 жылға арналған бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев екі банктен қарыз алу туралы келісімді ратификациялау заң жобасын таныстырды. Қарыз 2021 жылға арналған бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы 908 миллион 596 мың еуро сомасында Қарыз туралы келісімге қол қойылды. Қарыз 2021 жылға арналған бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Бұл ҚР Үкіметінің COVID-19 пандемиясының салдарымен күрес және экономиканы қалпына келтіру жөніндегі шараларын қолдауға мүмкіндік береді", - деді ол.

Министрдің айтуынша, өтеу мерзіміне қатысты қарыз екіге бөлінген.

"454 миллион 298 мың еуро сомасындағы қарыздың бір бөлігі, яғни жартысы 3 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда, 10 жыл мерзімге беріледі. Ал қалған 454 миллион 298 мың еуро сомасындағы екінші жартысы 3 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда, 5 жыл мерзімге беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі ‒ Еурибор+0,50 пайыз", - деді министр.

Ол келісімнің жақын арада күшіне енуі маңызды екенін атап өтті. Себебі қарыз Азия Даму банкінің пандемияға қарсы күрес жөніндегі арнайы бағдарламасы аясында Қазақстан үшін 2020 жылға резервтелген.

Содай-ақ Ерұлан Жамаубаев депутаттарға Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар банкінен де қарыз алу туралы келісімді ратификациялауды сұрады. Оның айтуынша, мұнда қаржы тарту бюджеттің бекітілген тапшылығы жағдайында өте маңызды.

"2020 жылғы 13 тамыздағы №386 ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 661 миллион 800 мың еуро сомасындағы ҚР мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге қол қойылды. (...) Қарыз 3 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда, 10 жыл өтеу мерзіміне беріледі", - деді ол. 

Депутаттар келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

Еске салайық, келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес қарызға қызмет көрсетуді және оны өтеу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын болады. Сыйақы мөлшерлемесі - Еурибор+0,50 пайыз. Бұл қаражат та Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің пандемияға қарсы күрес жөніндегі арнайы бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы үшін 2020 жылға резервтелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer