СКАЧИВАЙТЕ НОВОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ TENGRINEWS
29 октября 2020 | 11:41

COVID-19 жұқтырған елордалықтар арасында жалған ақпарат беру фактілері жиіледі - бас санитар дәрігер

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Елордада кейінгі аптада коронавирус жұқтырғандар саны артты және оның көбі өздігінен дәрігерге жүгіну кезінде анықталып жатыр. Оның үстіне соңғы кезде науқастар тұрғылықты жері, жұмыс орны және байланыста болған адамдары туралы жалған ақпарат беретін фактілер жиілеген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Елордада кейінгі аптада коронавирус жұқтырғандар саны артты және оның көбі өздігінен дәрігерге жүгіну кезінде анықталып жатыр. Оның үстіне соңғы кезде науқастар тұрғылықты жері, жұмыс орны және байланыста болған адамдары туралы жалған ақпарат беретін фактілер жиілеген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде стационар және амбулаторияда 230 адам ем қабылдап жатыр. Коронавирус жұқтырғандардың арасында жас мөлшері бойынша 40-жастан асқан адамдар көп - 42 пайыз. Балалар арасында 18 жасқа дейін 8 пайыз, 18-29 жас 22 пайыз, 30-39 жас 28 пайыз. Қалада коронавирус инфекциясы тіркелген кезде ер адамдар көп жұқтырғаны анықталып, 63 пайыз болған. Алайда 9 айдың қорытындысы бойынша әйел адамдардың үлесі артып, 53 пайыз болды", - деді Пралиева әкімдіктің Facebook желісінде өткен онлайн-брифингінде.

Бас санитар кейінгі аптада коронавирус жұқтырған жағдайлар 28,7 пайыз көбейгенін атап өтті.

"Қазір тәулігіне 15-30 жағдай тіркеліп жатыр, көбіне аурудың симптомы бар науқастар. Сегіз күн ішінде 7-14 қазанда репродуктив сан 1-ден асты. Соңғы 13 күнде төмен болатын, бірақ бүгіннен бастап 1-ден асып, 1,8 болды. Сондай-ақ алдыңғы аптамен салыстырғанда кейінгі аптада жұқтырғандар саны 1,3 есе немесе 28 пайыз көп. Қазан айында ауырып қалғандардың көрсеткіші тұрақсыз болуына байланысты және R-саны (репродуктивтілігі) төмендеп-жоғарылауы қалада карантин шараларын жеңілдетуге мүмкіндік бермейді. Өзі дәрігерге жүгінген науқастардың арасында коронавирус жұқтырғандар көбейді. Яғни олар - отбасы мүшелерімен қарым-қатынас кезінде жұқтырғандар. Бұл дегеніңіз профилактикалық шаралардың сақталмағанын білдіреді", - деді ол.

Сонымен қатар, маман елордалықтар арасында коронавирус жағдайын жасырған жағдайлар жиілеп кеткенін айтты.

"Соңғы уақытта коронавирус жұқтырған науқастарды жасыру фактілері және тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша, сондай-ақ жақын байланыста болғандар туралы жалған ақпарат беру жиілегені байқалады. Осылайша ошақтарды оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік бермейді", - деді Пралиева.

Қазір елордада коронавирус жұқтырғандар саны 14 510-ға жетті. 13 793 науқас жазылды, 318 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer