ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
25 января 2021 | 16:06

"COVID-21 вирусы пайда болды". Елді шошытқан жалған ақпараттар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде қолданушылар елді шошытатын түрлі фейк таратып жатыр. Бірі Маңғыстау тұрғыны вакцинадан кейін көз жұмды десе, тағы бірі COVID-21 вирусы пайда болғанын хабарлаған. Бірақ мұның бәрі - жалған. Tengrinews.kz тілшісі желіде қазақстандықтар таратқан жалған ақпараттар туралы баяндайды. 


Иконка комментария блок соц сети

Желіде қолданушылар елді шошытатын түрлі фейк таратып жатыр. Бірі Маңғыстау тұрғыны вакцинадан кейін көз жұмды десе, тағы бірі COVID-21 вирусы пайда болғанын хабарлаған. Бірақ мұның бәрі - жалған. Tengrinews.kz тілшісі желіде қазақстандықтар таратқан жалған ақпараттар туралы баяндайды. 

"Парацетамолда вирус бар" - фейк

Қазнет қолданушылары P/500 таңбасы бар парацетамолды ішпеуге кеңес береді. Таблеткаларда өлімге әкелетін Мачупо вирусы бар екен.

Бірақ бұл он жыл бұрын шыққан фейк екені анықталды. Қорқынышты хабарды алғаш рет 2011 жылы Ангола тұрғындары ойлап тапқан. Ол кезде бұл жаңалықты жергілікті Ұлттық радиодан хабарлағаны айтылған болатын. Мұндай ақпарат көптеген елге тараған. Үндістан мен Англияда хабарламаға денесіне бөртпе шыққан ер мен әйелдің суреттері тіркелген.

Дегенмен, желі қолданушылары фейкті әлі де таратып жатыр. Мұндай қауесет Қазақстанда алғаш рет 2017 жылы тараған. Ол кезде "вирусы бар" таблеткалар туралы қауесетті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің бас сарапшысы Ғалымжан Мырзахметов жоққа шығарған болатын.

"Қазақстан Республикасында бұл ақпарат жалған деп санаймын. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне телефон арқылы да, жазбаша түрде де мұндай ақпарат түскен жоқ", - деген еді ол. 

"COVID-21 вирусы пайда болды"

Telegram желісінде қазақстандықтар Қытайда Тяньцзинь муниципалитетінде балмұздақ партиясынан коронавирустың жаңа штаммы табылғаны туралы жаңалықты бөлісіп жатыр. Хабарламада жаңа штамм COVID-21 деп аталатыны айтылады.

Таратылып жатқан хабарламаға сәйкес, вирус анықталған балмұздақ азық-түлік дүкенінен алынған. Оның үш данасы ғана тексерілген. Олардан COVID-21 анықталғаннан кейін дәмді тамақсатылған көшедегі барлық азық-түлік дүкендері белгісіз мерзімге жабылған-мыс.

Жалған ақпарат Қытайда балмұздақ партиясынан коронавирус табылғаны туралы шынайы жаңалыққа негізделген болар. Бірақ бұрын белгісіз болған жаңа штамм емес, ол COVID-19 тудыратын Sars-CoV-2. Лидс Университетінің вирусологы Стивен Гриффин бұл бір рет болған жағдай деп санайды, бұған вирус жұқтырған адамның балмұздақ өндіретін шикізатпен байланысы себеп болуы мүмкін.

Демек, COVID-21 ауруын тудыратын коронавирустың жаңа штамы туралы хабарламалар - фейк.

"Маңғыстау тұрғыны вакцинадан кейін қайтыс болды" - фейк

Facebook желісінде Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғыны COVID-19-ға қарсы екпе алғаннан кейін қайтыс болды деген ақпарат жарияланды.

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомствоның хабарына қарағанда, Маңғыстау тұрғыны коронавирустық инфекцияға қарсы егілмеген.

"1978 жылы туған ер адам ағымдағы жылдың 19 қаңтарында қан қысымының көтерілуі салдарынан қайтыс болды. Ол ешқандай екпе алған жоқ. Бүгінде Маңғыстау облысына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина әкелінген жоқ. Вакцинаның бірінші партиясын өңірге 2021 жылғы 28-29 қаңтарда жеткізу жоспарланған. Айта кетейік, вакциналаумен бірінші кезекте жұқпалы аурулар ауруханалар, жедел медициналық жәрдем, реанимация, БМСК, қабылдау бөлмелері, санэпидқызмет қызметкерлерінің медицина қызметкерлері қамтылады. Марқұм болған азамат бұл санаттардың ешқайсысына жатпайды", - деп түсіндірді санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіндегілер.

"Пойыздарда ауыз суға зиян заттар қосады" - фейк

Ал Instagram қолданушылары жолаушылар пойыздарының вагондарында орнатылған диспенсерлердегі су қауіпті болуы мүмкін, себебі оған "бірдеңе қосады" деп жазылған постты талқылап жатыр. Бұл туралы жолаушымен әңгімелескен кезде жолсеріктің өзі айтқан-мыс.

Пост мәтініне қарағанда, оқиға "Алматы-Павлодар" бағытындағы пойызда болған. "ҚТЖ" АҚ әкімшілігі ауыз суға қандай да бір қоспалардың салынатыны туралы мәлімдемені жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, өйткені кулерлерге құйылатын ауыз суға бөтелкедегі судың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын барлық қажетті құжат бар", - делінген "ҚТЖ" АҚ жауабында.

Сондай-ақ, компания өкілдері болған жағдай туралы қосымша ақпарат жинауға кіріскендерін мәлім етті.

"COVID-19-ға қарсы барлық вакцинаның құрамы бірдей" - фейк

Қазақстандықтар танымал блогер-конспиролог COVID-19-ға қарсы барлық вакцинаның құрамы бірдей және олардың құрамында адамды руханияттан айыратын құпия ингредиент люцеферин бар деген бейнероликті бөлісіп жатыр.

Видео авторы - "Злой Эколог" You-Tube-арнасының жүргізушісі. Ол бөгдеғаламшарлықтармен байланыс, метеориттердің құпиялары және саяси қастандықтар туралы бейнероликтер жариялайды. Автор ақпаратты "құпия инсайдерден" алады екен.

Ол соңғы видеоларының бірінде коронавирус жоқ, оған қарсы барлық вакцинаның құрамы бірдей деген мәлімдеме жасаған. 

SARS-CoV-2 вирусы туралы толық мәліметтер және оның сипаттамасы ДДСҰ сайтында да бар. Дәл осы мәліметтердің негізінде вакциналар әзірленді және әзірленіп те жатыр. Ғалымдар әртүрлі әдіс-тәсілді қолданып жатыр. Бүгінде қолданылып жатқан препараттардың платформалары әртүрлі. Кейбіреулері матрицалық РНҚ негізінде жасалса, ресейлік "Спутник-V" препараты аденовирус векторында жасалған. Клиникалық немесе клиникаға дейінгі сынақтардан өтіп жатқан басқа вакциналар да белсенді емес вирус, ДНҚ және басқа платформалардың көмегімен әзірленіп жатыр. 

Вакциналардың құрамында люциферин болатыны туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Бұл мифтік қараңғы күштердің дәрі-дәрмек жасауға қатысатынының белгісі болып табылатын қорқынышты атауы бар құпия компонент емес. Люциферин - биолюминесценцияға жауап беретін табиғи компонент. Люцифериндер саңырауқұлақтарда, жарық қоңызда, ұлулар мен қоңыздарда, кальмар мен асшаяндарда, сондай-ақ басқа да балықтар мен жәндіктерде кездеседі.

Мәліметтер StopFake.kz сайтынан алынды

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети