ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
20 мая 2020 | 17:49

Дана Орманбаеваның бала тәрбиесі туралы кітабы қазақ тілінде шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Дана Орманбаеваның жеке архивінен алынды Фото: Дана Орманбаеваның жеке архивінен алынды

Елімізде қазіргі бала тәрбиесіне арналған "Дана мен бала" кітабы жарық көрді. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі кітаптың авторы, журналист, қоғам қайраткері Дана Орманбаевамен сұхбаттасты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде қазіргі бала тәрбиесіне арналған "Дана мен бала" кітабы жарық көрді. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі кітаптың авторы, журналист, қоғам қайраткері Дана Орманбаевамен сұхбаттасты.

Алдымен Дана Орманбаева "Дана мен бала" туындысы 2018 жылдың қыркүйегінде жарық көрген "Мы не ругаем детей" кітабының аудармасы екенін атап өтті. Кітап елімізде сатылым жағынан көш бастаған әрі қазақстандық оқырмандар туындыны өте жылы қабылдапты.  

"Ақпарат ағымы алқымнан алған заманда баланы тәрбиелеу оңай емес. Бұл ата-аналарға қиындық туғызатыны белгілі. Мен оларды түсінемін. Сондықтан "Мы не ругаем детей" кітабын шығарған кезде маған оқырмандардан сұрақ өте көп түсті. Олар "кітабыңызды қазақшаға аударыңызшы" деп өтініш білдірді", - деді Дана Орманбаева.

"1 жыл ойландым"

Ол оқырмандарының өтінішін жерде қалдырғысы келмегенін, сапалы дүние жасағысы келгенін айтты.

"Оқырмандар кітапты қазақшаға аударуды өтініп сұрады. 1 жыл ойландым. Кейін әріптестерім мен жұбайымды жинадым. Біз кітапты аударатын болып шештік. Аудармашы Перизат Мырзахмет, журналист, әдеби редактор Ғарифолла Көшенов, суретші-иллюстратор Марат Көмековпен бірге жұмыс істедім. Ғарифолла Көшеновтің еңбегін атап өткім келеді", - деді автор.

"Кітапты бірден қазақшаға аудара салғымыз келген жоқ"

Дана Орманбаева кітапты қазақшаға аудару үшін ұзақ уақыт еңбектенгенін, жанына мықты мамандарды жинағанын жеткізді.

"Біз кітапты бірден қазақша аудара салғымыз келген жоқ. Себебі онда оқырмандарға ой салатын дүниелер өте көп. Олар онымен бірден келіспеуі де мүмкін. Сондықтан біз кітап оқырмандарға ұнауы үшін барымызды салып еңбектендік. "Дана мен бала" кітабының тиражы - 8 мың дана", - деді ол.

"Өзекті сұрақтарға жауап таба алады"

Автор оқырманның кітаптан өзін толғандырған сұраққа жауап таба алатынын атап өтті.

"Қоғам үшін отбасы құндылықтары туралы жаңа ақпарат қашан да өзекті. Адамдар "баланы қалай тәрбиелеу керек, оны қалай ел қатарына қосамын?" деген сұрақтарға үнемі жауап іздейді. Менің ойымша, жас отбасы осы кітапты оқи отырып, қандай ата-ана болу керегін, баламен сөйлесу неге маңызды екенін және тағы басқа өзекті сұрақтарға жауап таба алады. Мұнда адам түсінбейтін ғылыми терминдер жоқ, барлығы түсінікті, қарапайым тілмен жазылған", - деді Дана Орманбаева.

"Өмірлік тәжірибемді пайдаландым"

Сондай-ақ, ол кітапты жазу барысыда өмірлік тәжірибесін пайдаланағанын айтты.

"Кітапты жазу барысында ана ретінде жеке тәжірибемді пайдаландым. Менің 4 балам бар: 1 қыз, 3 ұл. Сондай-ақ, мен - 30 жылдық еңбек тәжірибесі бар журналиспін. Психологиялық тақырыпта көптеген зерттеу жұмысын жүргізіп, диссертация қорғадым. Анам да психолог. Бұл факторлар осындай кітап жазуыма себеп болды", - деп түйіндеді сөзін автор.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer