ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
08 июля 2020 | 20:43

Денсаулық сақтау саласы дайын болған жоқ, тергеу жүргіземіз - Тоқаев

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсіп жатыр. Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсіп жатыр. Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірқатар елде карантин тәртібі қайта күшейтіліп, әуе-көлік қатынасы қайтадан шектелді. Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ... Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ. Барлық азаматты тағы да карантин ережелерін сақтауға шақырамын. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты", - деді Тоқаев халыққа арнаған үндеуінде.

Мемлекет басшысы еліміздің денсаулық сақтау жүйесі мұндай індетпен күреске дайын болмағанын атап өтті.

"Коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсіп жатыр. Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Осы мәселе бойынша тергеу жүргіземіз және бұл жағдайдан сабақ аламыз. Әкімдердің жіберген қателіктеріне тиісті баға береміз. Дегенмен мемлекет тарапынан барлық қажетті шара қабылданып жатыр. Қабылданған шаралар мен медицина қызметкерлерінің ерлігінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны едәуір көбейді. Көптеген елдегі жағдай бізден де қиын. Дегенмен әр қазақ менің жалғызым дегендей, әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме батады", - деді Президент.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 51059-ға жетті. Оның 16928-і аурудан жазылса, 280 науқас көз жұмған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer