ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
01 октября 2020 | 11:09

Депутат ауылдағы мектептерде 5-11-сыныптар үшін кезекші топ ашуды сұрады

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Pixabay.com Фото: Pixabay.com

Контингенті 181-600 адам болатын ауылдық жерде 5-11-сынып оқушыларына кезекші топ ашу керек. Себебі ауылдағы білім сапасы мәз емес. Егер балалар әрі қарай да қашықтан оқыса, мәселе ушығып кетеді. Сенатор Алтынбек Нухұлы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа осындай депутаттық сауал жолдады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Контингенті 181-600 адам болатын ауылдық жерде 5-11-сынып оқушыларына кезекші топ ашу керек. Себебі ауылдағы білім сапасы мәз емес. Егер балалар әрі қарай да қашықтан оқыса, мәселе ушығып кетеді. Сенатор Алтынбек Нухұлы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа осындай депутаттық сауал жолдады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жыл сайын ауыл мен қала оқушылары арасында білім сапасы бойынша мәселе көтеріліп келеді. Қашықтан оқу бұл мәселені одан әрі алшақтатуы әбден мүмкін. Бізге қашықтан оқу процесі енгізілген күннен бастап еліміздің барлық өңірінен 5-тен 11-сыныпқа дейінгі оқушыларды дәстүрлі оқытуға жіберу туралы ұсынысхаттар түсуде. Соның бір дәлелі ретінде Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті мүшелерінің Семей қаласы мен Абай ауданына жұмыс сапарындағы кездесуде мектеп мұғалімдері мен ата-аналар барлық санитарлық норманы сақтай отырып, барлық ауылдық мектепті дәстүрлі оқуға көшіруді ұсынды. Ауылдағы балалардың қарым-қатынасы қалаларға қарағанда қауіпсіз деп отыр. Себебі ауылдың тыныс тіршілігі мен табиғи ортасын ескеру керегін атап өтті. Біз бұл ұсынысты Үкіметке жеткізуді уәделестік", - деді ол Сенат отырысында.

Сенатор кезекші сыныппен салыстырғанда қашықтан оқитын балалардың арасында коронавирус жұқтырғандар көп екенін атап өтті.

"Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің күні кеше берген ақпаратында оқу жылының басынан оқушылар арасында COVID-19-дың 104 жағдайы тіркелген. Оның ішінде үйде отырып, қашықтан оқитын балалар арасында 71 жағдай, мектеп қабырғасында кезекші сыныпта оқитын 33 балада анықталған. Яғни, дәстүрлі оқитын балалардың саны үйде отырып, қашықтан оқитын балалардың санына қарағанда, екі есе аз", - деді ол.

Депутат тек бастауыш сынып емес, контингенті 181-ден 600 адамға дейінгі ауылдық жердегі мектептердің 5-11-сынып оқушыларына да кезекші топты кезең-кезеңімен ашуды сұрады.

"Осыған байланысты бізді ауылдық жерде орналасқан қашықтан білім алатын контингенті 181-ден 600 адамға дейінгі мектептерге қатысты мәселе алаңдатады. Біздің ойымызша қоғамдық көлікті қажет етпейтін елді мекендердегі осындай мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, бірнеше ауысым арқылы штаттық режимде оқи алады деп ойлаймыз.

Құрметті Ералы Лұқпанұлы, ауылда білім беру сапасын жақсарту мақсатында "Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы" ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына 181-ден 600 адамға дейінгі контингенті бар, балаларының саны бір сыныпта 15 адамнан аспайтын, ауылдық жерде орналасқан мектептердің жұмыс істеуін кезең-кезеңмен шешу бөлігінде өзгерістер енгізуді сұраймыз", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде кезекші сыныпта оқитын және қашықтан оқитын мектеп оқушылары арасында коронавирус жұқтырғандар анықталғаны хабарланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети