ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
10 февраля 2022 | 12:36

Депутат ТЖ органдарының 70-жылғы техникалары туралы мәлімдеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Сенат депутаты өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды материалдық-техникалық жабдықтау қағидаттарын, сондай-ақ олардың әлеуметтік қорғалу деңгейі төмендігін сынға алды. Ол мәселелердің маңыздылығына мұқият қарау керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаты өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды материалдық-техникалық жабдықтау қағидаттарын, сондай-ақ олардың әлеуметтік қорғалу деңгейі төмендігін сынға алды. Ол мәселелердің маңыздылығына мұқият қарау керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат депутаты Сергей Ершов премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында осы саладағы күрделі мәселелерді көтерді.

Депутат өрт сөндірушілердің техникалық жабдықталуынан бөлек, депо мен ғимараттар жағдайы да өте күрделі екеніне назар аударды. Оның айтуынша, бүгінде мемлекеттік өртке қарсы қызметтің 419 бөлімшесі бар, оның 271-і, яғни жартысынан көбі ыңғайланған үй-жайда орналасқан. 112 күрделі жөндеуді қажет етеді, ал 20-сы апаттық жағдайда болуына байланысты бұзылуға жатады.

"Қалыптасқан жағдайға талдау жасағанда өрт деполарының сандық және сапалық көрсеткіштері төтенше жағдайды жою кезінде халыққа тиісті көмек көрсету үшін жеткіліксіз деп айтуға болады. Бірінші кезекте қалалық және ауылдық жерлерде 124 өрт сөндіру депосы кешенін салу талап етіліп отыр. Өрт сөндіру қызметтері қарамағында әртүрлі мақсаттағы 3 553 техника бар. Бұл ретте олардың 730-ы 70-90-жылдардан бастап пайдаланылып келеді және тозығы жетуіне байланысты жаңартуды талап етеді", - деді депутат.

Сондай-ақ, Сенат депутаты ТЖ органдары қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мәселелері туралы әріптестері де сауал жолдағанын айтты. Үкімет бұл мәселе пысықталып жатқанына сендіріп жауап берген, бірақ әлі нәтиже жоқ. Осыған байланысты депутат мәселелерді шешудің маңыздылығына мұқият қарауды сұрады.

"Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, арнайы мемлекеттік органдар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне ұқсас тұрғын үй төлемдерін, қызмет атқару кезінде мертіккен немесе ауырған жағдайларда әскери және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ұқсас жауынгерлік іс-қимылға жақын жағдайларда жұмыс істегені үшін үстемеақы беру мәселелерін заңнамалық тұрғыдан пысықтау қажет", - деді депутат.

Айта кетейік, 2020 жылы 31 желтоқсанда азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің лауазымдық жалақыларын 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап кезең-кезеңімен арттыруды көздейтін Үкіметтің қаулысы қабылданған болатын. Онда өрт сөндіру және апат-құтқару жұмыстары қызметтерінің қатардағы және кіші басшы құрамының жалақысы 10 пайызға көтерілетіні айтылған.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer