ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
18 сентября 2024 | 10:04

Диқандарға құлаққағыс: Жауын-шашын нормадан артық түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астық жинау өнімділігі ауа райына қатысты өзгеріп отырады. Ылғалдылықтың деңгейі егін жинау жұмыстарының сәтті өтуіне әсер етеді. Massaget.kz тілшісі егін жинау науқанына қатысты "Қазгидрометтен" болжамдар алды.


Иконка комментария блок соц сети

Астық жинау өнімділігі ауа райына қатысты өзгеріп отырады. Ылғалдылықтың деңгейі егін жинау жұмыстарының сәтті өтуіне әсер етеді. Massaget.kz тілшісі егін жинау науқанына қатысты "Қазгидрометтен" болжамдар алды.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ауа ылғалдылығының тапшылығы 8 мб-дан жоғары болған жағдайда комбайндар жоғары өнімділікпен жұмыс істейді екен. Өйткені астық пен сабанның ылғалдылығы аз болады. Сәйкесінше, тапшылық 3-8 мб аралығында болса, астық массасының ылғалдылығы артып, комбайнның жұмысы төмендейді. Мұндай жағдайда комбайндардың жұмысы қанағаттанарлық деңгейде бағаланады. Ал ауа ылғалдылығының тапшылығы 3 мб-дан төмен болған кезде комбайндардың жұмысы мүлде қиындай түспек.

Қыркүйектің екінші онкүндігіне болжам

"Қазгидрометтің" болжамында қыркүйектің екінші онкүндігінде астық егілген аймақтарда дәннің ылғалдылығы 14-17 пайыз, ал сабанның ылғалдылығы 18-25 пайыз шамасында болады деп күтіліп отыр.

Қыркүйектің бірінші онкүндігінде жылы және аз жауын-шашынды ауа райы сақталады. Алайда екінші онкүндіктен бастап атмосфералық фронттардың жиі ауысуы байқалады, бұл республиканың көп бөлігінде тұрақсыз ауа райының қалыптасуына әкеледі. Жаңбыр, желдің күшеюі және ауа температурасының жиі ауытқуы күтіледі. Солтүстік өңірлерде түнде -1°С-тан -7°С-қа дейін суық болуы мүмкін, - дейді орталық өкілдері.

Бұл өз кезегінде жиын-терінге теріс әсер тигізбек.

Дегенмен қыркүйекте республиканың көп бөлігінде орташа айлық температура нормадан 1°-қа жоғары болады деп күтіледі. Батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында температура нормаға сәйкес болады. Жауын-шашын мөлшері республиканың көп бөлігінде нормаға сай немесе одан артық, ал оңтүстік өңірлерде нормадан аз болуы мүмкін.

Оңтүстік өңірлерде жоғары қысым аймағының әсерінен жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп болжануда, ал ауа температурасы салыстырмалы түрде жылы сақталады. Дегенмен ай бойы температура біртіндеп төмендейді: түнде +15°С...+23°С-тан +3°С...+10°С-қа дейін, ал күндіз +25°С...+35°С-тан +15°С...+23°С-қа дейін төмендейді, - дейді орталық.

Қазан және қараша айларына болжам

Қазанда жауын-шашын мөлшері елдің көп бөлігінде қалыпты және қалыпты мөлшерден көп болады.

Ұлытау облысында, Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының көп бөлігінде, Түркістан облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысында және Жамбыл облысының солтүстік-батысында қалыпты мөлшерден аз болады. Қазақстанның басқа өңірлерінде жауын-шашын нормадан артық түседі, - делінген орталық хабарламасында.

Ал қараша айында айлық орташа ауа температурасы республиканың көп бөлігінде нормадан 1-2° төмен, ал елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында шамамен қалыпты деңгейде күтілмек.

Қарашада жауын-шашын мөлшері елдің көп бөлігінде қалыпты және қалыпты мөлшерден көп болады деп болжанып отыр. Ал Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысының көп бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының батыс жартысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының батыс шекарасында және Түркістан облысының батысында жауын-шашын мөлшері аз болады, - дейді орталық өкілдері.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 500.42   526.9   4.65 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети