Дипломатиялық нөмірді қағаздан жасаған алматылық жүргізуші жазаланды

10 Мамыр 2018, 11:05
7
Дипломатиялық нөмірді қағаздан жасаған алматылық жүргізуші жазаланды - Видео кадрлары
Видео кадрлары

Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, артынша жолда жанжал шығарған қызыл нөмірлі көлік иесі жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында судья Ержан Алдабек жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіге қатысты шешім шығарды. Ер адам ҚР Әкімшілік кодексінің 590 және 596-баптары бойынша айыпты деп танылып, жалпы 1,5 жылға көлік жүргізуші куәлігінен айырылды. Сот шешімі күшіне енген жоқ.

Жүргізуші өз кінәсін толықтай мойындап, жазған түсініктемесінде көлікке картон қиындысынан жасалған жалған тіркеу нөмірін таққанын айтқан. Кейіннен оны өртеп жіберген. 

Айта кетейік, бұған дейін қалалық жергілікті полиция қызметі жүргізуге қатысты үш бап бойынша хаттама толтырылғанын хабарлаған еді - 596-баптың 3-бөлігі ("жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу), 590-бабының 2-бөлігі ("Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару"), 590-баптың 3-бөлігі ("Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) орнату"). 

Еске салайық, жүргізуші 21 сәуірде ұсталған. Мұның алдында ҚР СІМ өкілдері Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған "дипломатиялық нөмірлі көлікке" қатысты пікір білдірген болатын. Министрліктің баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, видеодағы көліктің нөмірі Беларусьтің Қырғызстандағы елшілігіне тіркелген. Ал өз кезегінде Беларусьтің Қырғызстандағы елшілігіндегілер Tengrinews.kz тілшісіне бұл D 09 007 мемлекеттік нөмірінің ақ түсті Hyundai маркалы көлікке тіркелгенін, ал видеода "ВАЗ" автокөлігі көрсетілгенін хабарлаған еді. Яғни жүргізуші жалған нөмір таққан.

Еске салайық, оқиға биылғы сәуірде Алматыдағы Әуезов - Жамбыл көшелерінің қиылысында болған. Оқырман жолдаған роликте қызыл нөмірлі Lada көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолмен жүріп, оған қарсы келген көлік жүргізушісімен жанжалдасады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (7)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц