ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
22 апреля 2019 | 14:54

Эксперимент: Қара бөлмеде қамауға шыдай аласыз ба?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр. © Youtube Видеодан алынған кадр. © Youtube

Бүгін, 22 сәуірде Qarashyq әлеуметтік реалити-шоуы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Salem Social Media компаниясына сілтеме жасап. Айта кетейік, шоудың тікелей эфирі YouTube хостингіндегі Salem Park арнасында сағат 12.00-де басталды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 22 сәуірде Qarashyq әлеуметтік реалити-шоуы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Salem Social Media компаниясына сілтеме жасап. Айта кетейік, шоудың тікелей эфирі YouTube хостингіндегі Salem Park арнасында сағат 12.00-де басталды.

Компания өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда бұрын-соңды бұл жобаға ұксас ештеңе болмаған. Бұл жоба Salem Social Media бастамасымен қазақ тіліндегі реалити-шоу әрі әлеуметтік эксперимент екен.

"Qarashyq - жай ғана шоу емес, себебі бұл жоба қатысушылардың әлеуметтік әрі өзіндік сұрақтарға деген ізденісі: қорқыныштары, атақ пен ақшаға деген көзқарастары, адами құндылықтарын қайта қарастыру. Экстремал жағдайда халықтың эксперимент қатысушыларына қол ұшын тигізуі, сезімдері мен қорқыныштарын қолға алғызу", - дейді жоба өкілдері.

Qarashyq жобасының қатысушылары - кастингтен өткен 6 ерікті адам. Психикалық жағдай мен моральды төзімділік іріктеудің басты шарты болды. Себебі эксперимент барысында қатысушылар әлемнен ажырап, "қара бөлмеге" қамалады. Күн сайынғы тапсырмаларды орындап, сыртқы әлеммен тек бөлмедегі экран арқылы араласа алады. Көрермендер тікелей эфирді 24/7 Youtube-те Salem Park арнасынан бақылап, қатысушыға тапсырма беріп, оған көмектесе алады.

Жоба авторлары қатысушылар туралы мәлімет айтпады, бірақ көрермендер мен жазылушылардың пікірі екіге бөлінді - триллер мен шоусүйер қауым. Біреулер Qarashyq жобасын қолдап жатса, басқалары қатысушылардың жағдайын уайымдап, жоба жабылсын деген дау шығарып жатыр. 

Айта кетейіік, Salem Social Media компаниясы 2017 жылы Алматыда құрылған. "Эксклюзив видеоконтент фабрикасы" ретінде Salem бренді туының астында Қазнеттің жас әрі талантты тұлғаларын жинады: Yuframe, Jokeasses, Sekavines, Meirzhach, "Нормально общайтесь", Шоу Ирины Кайратовны және тағы көптеген жоба.

Ай сайын әр түрлі форматтағы (вайндар, скетчтер, веб-хикаялар, шоулар, әлеуметтік эксперименттер, жастарға арналған білім беру контенті) 150 авторлық бейнеролик шығара тұрып, Salem Social Media интернет контенттің шығарушысы әрі таратушысы, өзінің интернет-каналдарының және продюсерлік орталығының иесі болды. Бүгінде компанияның өзіндік аудиториясы бар. Ал жоба жаңалықтарын Youtube хостингінен, сондай-ақ, Instagram және Вконтакте әлеуметтік желілерінен көруге болады. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course up  549.54  course up  5.08  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer