ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
04 мая 2020 | 10:35

Ел тарихында алғаш рет әскери қызметшілерді запасқа шығару тоқтатылды - полковник

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Азаматтарды әскерге шақыру төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін қайта жүргізіледі және 31 тамызға дейін ұзартылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Азаматтарды әскерге шақыру төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін қайта жүргізіледі және 31 тамызға дейін ұзартылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіповтің айтуынша, 2019 жылы көктемде әскерге шақырылған әскери қызметшілерді запасқа шығару Төтенше жағдай режимі алынған жағдайда ағымдағы жылғы 30 маусымға дейін жүргізілетін болады.

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы ҚР заңына сәйкес Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін қолдау мақсатында Төтенше жағдай кезінде 2019 жылы көктемде әскерге шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару уақытша тоқтатылды. Запасқа шығарылғанға дейін осы әскери қызметшілерді киім-кешекпен, азық-түлікпен, қаржымен және медициналық қамтамасыз ету сақталады. Сонымен қатар, барлық өңірде әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысы тоқтатылды. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы азаматтарды мерзімді әскерге шақыру мерзімдерін 2020 жылғы маусымнан тамызға ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды", - деді полковник ОКҚ онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, Жарлықта азаматтарды әскерге шақырудың бұдан бұрын бекітілген мерзімін биылғы маусымнан тамызға дейін ұзарту көзделеді. Азаматтарды әскерге шақыру төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін қайта жүргізіледі және 31 тамызға дейін ұзартылады. 2019 жылы көктемде әскерге шақырылған әскери қызметшілерді запасқа шығару Төтенше жағдай режимі алынған жағдайда ағымдағы жылғы 30 маусымға дейін жүргізілетін болады. Бұл ретте әскери шақыру мен запасқа шығару қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырылады, елеулі өзгеріс болмайды.

Бүгінде 9500 әскери қызметші патрульдеуді, дезинфекциялауды және басқа да міндеттерді іске асырып жатыр. Спикердің айтуынша, мұндай шешім ел тарихында алғаш рет болып отыр.

"Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді қызмет әскери қызметшілерін запасқа шығаруды тоқтата тұру және азаматтарды әскерге шақыру мерзімін ауыстыру туралы шешім мемлекетіміздің тарихында алғаш рет қабылданып отыр және ол біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Орын алған жағдайға түсініп қарауды сұраймыз", - деп түйіндеді сөзін Сәкен Жүсіпов.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді.

Тоқаев қаулыға қол қойды: әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылады.

Еске салайық, Тоқаев әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа 2 сәуірде қол қойған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer