Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" арнасындағы "Штрихи к портрету" фильмінің үшінші бөлімінде қандай кітап оқып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" арнасындағы "Штрихи к портрету" фильмінің үшінші бөлімінде қандай кітап оқып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кітап оқығанды жақсы көремін, мектеп жасымнан бастап, 5-6-сыныптардан бастап, жоғары сыныптарда оқығаным көп. Ал қазір уақыт көп. Классиканы оқығым келеді. Кейде оқығаныңды қайта бір оқып шыққың келеді. Қазір өзіңе қажетін ғана оқу керек деген ой келеді. Тіпті жас кезде, ес білген кезде жұмыс бойынша. Бәрін бірдей оқи берудің қажеті жоқ. Бүгін саған қайсы керек болса, соны оқу керек. Таңдап оқу керек", - деді Елбасы.
Осыдан кейін Назарбаев қазір қандай кітаптар оқып жүргеніне тоқталды.
"Қазір түрлі әдебиетті оқығым келеді. Қызық үшін детектив оқимын. Мысалы Борис Акунинге қатты қызығамын. Конан Дойлге қызығамын. Қазір соңғы оқығаным "Нейзвестная история Америки". Оны Оливер Стоун жазған. Кітапта Бірінші дүниежүзілік соғыстан Обамаға дейінгі кезең қамтылған. Құрама Штаттарда Ақ үй жүргізген саясаттың астарын ашып көрсетеді. Біз білмей келдік, өте қызық. Ол шығармасында осы жайттың бәрін ашып көрсетіп, ол жақта жағымсыз оқиғалар да болып жатқанын аша білді, дүние жүзінде бар апаттарға америкалық басшылықтың қатысы бары айтылады. Осындай маңызды туындыларды оқығым келеді", - деді Елбасы.
Назарбаев күні кеше кітапханасы экономикаға қатысты бір кітаппен толыққанын айтты.
"Алда не күтіп тұр, неге дайындалу керек? Президентімізге, үкіметке жақсы кеңес айтуым үшін осындай әдебиет оқуға тырысамын. Бұл көбіне дағдарыстан өткен түрлі елдің тарихы", - деп бөлісті Нұрсұлтан Назарбаев оқып жатқан кітаптарын.