Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 августа 2019 21:44

Елбасының оқудағы курстасы, қызметтегі әріптесі, өмірдегі досы - Сатыбалды Ибрагимов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сатыбалды Ибрагимов. otyrar.kz Сатыбалды Ибрагимов. otyrar.kz

Бүгін, 9 тамызда экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Парламентінің экс-депутаты Сатыбалды Ибрагимов қайтыс болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың курстасы әрі қызметтегі әріптесі болған қоғам қайраткерінің өмірінен естеліктер жинауды ұйғардық.


Бүгін, 9 тамызда экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Парламентінің экс-депутаты Сатыбалды Ибрагимов қайтыс болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың курстасы әрі қызметтегі әріптесі болған қоғам қайраткерінің өмірінен естеліктер жинауды ұйғардық.

Сатыбалды Тілемісұлы 1940 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген. Алайда туған күнін біреу 8 наурыз десе, тағы біреу 15-і депті. Сондықтан ата-анасы ешкімді ренжітпеу үшін 13 наурызды таңдапты.

Сатыбалды Тілемісұлы сұхбаттарының бірінде төрт жасында оңтүстік аудандардан қуғын-сүргінге ұшыраған кавказдықтар, түріктер-месхетиндіктер, әзербайжандар қоныс аударғаны есінде қалғанын әңгімелеген. Осылайша Қарасу ауылының жартысына жуығы кавказдықтар болыпты. Қазіргі Қарасу қаласында сондықтан да кавказдықтар көп. Ауыл жұрты сол ұлттарға көмектескен екен. Колхозда жылқышы болған әкесі баласын жылқыға құмар, табиғатпен етене өсіріпті. 

Алайда жетіге толғанда бала Сатыбалды мектепке баруы керек болып, отбасы таудан ауылға қарай қоныстаныпты. Әр пәнге ықыласпен назар аударған ол онжылдық оқуды медальмен аяқтауды ойлайды. Алайда емтихан қарсаңында қатты ауырып, аттестатты бір жыл өткенде бірақ ала алған. Өкінішке қарай, медаль алу осылайша бұйырмапты. 

18 жасында Сатыбалды Тілемісұлы ҚазМУ-ға түсуді ойлаған, алайда 1958 жылы бұл оқу орнына түсу үшін екі жыл еңбек өтілі болуы керек деген талап айтылған. Бұл талап мектепті медальмен бітіргендерге ғана қолданылмайды екен. Осылайша, физматқа түсіп, ұлы математик болуды армандаған бозбала медальдан да қағылып, еңбек өтілі де болмай өте алмай қайтыпты.  

Ауылына қайтқан ол кірерге жер таппайды. Себебі ауылдағылардың бәрі оны оқиды деп ойлаған. Осы кезде тағдырын түбегейлі өзгететін бір хабарландыруды көзі шалады - Теміртауда комсомолдық жолдамамен жастарды жинап жатқан екен, Днепродзержинскіде техникалық училищені аяқтағандар Қазақстандық Магниткаға бара алады екен. Ол кезде бала біткеннің бәрі мұны құдды бір Арктиканы игеретіндей маңызды деп ойлаған. Сөйтіп, бозбала Днепродзержинскіге аттанып, сонда болашақ президент Нұрсұлтан Назарбаевпен танысыпты.


Достармен бірге. Сол жақтан оңға қарай С. Ибрагимов, Елбасы, Т. Сүлейменов, А. Құлыбаев. © e-history.kz

Осылайша ол болашақ Елбасымен Днепродзержинскідегі курстасы, Теміртаудағы әріптесі болады. Бұл туралы ол былай деп еске алады: 

"1958 жылы 10 сыныпты бітіргеннен кейін бір жыл колхозда жұмыс істедім. Сол жылы ҚазМУ-ға тапсырғанбыз: мен - физматқа, Сұлтан - химфаққа. Қырсық шалғанда, КСРО Үкіметінің қаулысы бойынша 2 жыл еңбек өтілің болмаса, конкурстан өтпейсіңдер деді. Амал жоқ, ауылымызға қайттық. Күз мезгілінде Украинада кездестік. Үш топқа бөлінгенбіз. Дәнекерлеушікте - Исламқұлов, Нәрікбаевтер, мен құю және бөліп құю краны машинисі, Сұлтан мен Қабидолла домна өндірісінде оқыдық. Біз олардан 6 ай бұрын бітіріп, 1959 жылы қыркүйек айында Теміртауға келгенбіз. Болат қорытатын пеш дайын болмаған соң, сол жерде қара жұмысқа салды. Қай жаққа жібереді, сол жақта істедік. 1960 жылы шілде айында домна пешін іске қосты. Нұрсұлтан мен Қабидолла кенші боп жұмыс істеді. Украинадағы улилищеде бір бөлмеде 18-20 бала жататынбыз. Теміртауда Назарбаев, Сарекенов - үшеуміз бір бөлмеде жаттық. 1962 жылы бәріміз Қарағандыдағы политехникалық институтқа түстік. Қазақта айтады ғой: "Өсер бала жас кезінен белгілі болады". Техникалық училищеде оқып жүргенде-ақ ол ерекше көзге түсті. Сөзге шешен. Спортшы. Өнерпаз. Жұмысқа кіріссе, түбіне жетпей, жарты жолда тастап кетпейтін. Ертеңге қалдырмай, аяғына дейін жеткізеді. Пәтуалы адам. Қай уақытқа уәде берді, сол уақытта істейтін".

Училищені аяқтаған соң Сатыбалды Тілемісұлы 1959 жылдың тамызында қалған түлектермен бірге Теміртауға келіпті. Мұнда үш ай жұмыс істеген ол Украинаға, Алчевск қаласындағы Ворошилов атындағы зауытта үю машинасында және кранда жұмыс істейді. Бір жыл өте Теміртауға оралады. Жас металлургтер Днепропетровскідегі металлургиялық зауытқа жіберіледі. Сол жақта ол болат қорытушы болады.


Сол жақта Сатыбалды Ибрагимов, оң жақта Алтынбек Асанов Днепродзержинскідегі оқу кезінде. © inkaraganda.kz

Сол кезде Қазақстан жеріндегі ең ауқымды болат шығаратын мартен зауыты ресми түрде ашылады. 60-жылдары домна пеші қосылып, төрт жылдан кейін мартен ашылады. Кейін Сатыбалды Ибрагимов жоғары техникалық білім беру мекемесіне оқуға түседі. Ал 1968 жылы Орталық комитеттің жолдамасымен П.Лумумба атындағы университетке түседі. Бұл жолы ол елдің беделді оқу орындарының біріне бірінші рет тапсырып-ақ түседі. Оқуын аяқтаған оның алдында екі жол тұрған - не шетелге кету, не Мәскеуде қалу. Алайда анасына қарауы керек болып, Теміртауға оралады. Бұл кезде ол білім жинаған, алға қойған мақсат-мұраттары көп еді.

1973 жылы Сатыбалды Тілемісұлы Карметкомбинат кәсіподақ комитеті төрағасы болып сайланып, кейін төраға дәрежесіне жетеді. 

Бірнеше жылдан кейін ол қайтадан мартен цехіне барып, сол жақта ауысым басшысы болып тағайындалады. Сол уақытта бұл елдің барлық металлургиялық зауыттарындағы аты дүркіреп тұрған қызмет еді.

Еліміз тәуелсіздік алған соң 1991 жылы Сатыбалды Ибрагимов бизнеспен айналысуды ұйғарады. "Кармет - Оңтүстік" кәсіпорнын ашады. Теміртаудан жеткен шикізаттан Шымкенттегі шағын цехте құбыр жасай бастайды. 1995 жылдан бастап Теміртауда "Испат-Интернешнл" компаниясының Қазақстандағы өкілі ретінде жұмыс істей бастайды. Оны үкімет өңірді жақсы білетін адам ретінде компанияға Теміртаудағы игеруге көмектесу үшін және ұжым инвесторларды дұрыс қабылдау үшін жібереді.

1997 жылы Сатыбалды Ибрагимов "Қазхром" президенті болып тағайындалады. Бұл қызметте ол 7 жыл жұмыс істейді. 2004 жылы ол Сайрам ауданынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Ол Мәжілістегі екі шақырылым болып, 70 жасқа толған кезде кеткен. Осы уақыт ішінде 90-жылдардың соңынан - Теміртаумен байланыс үзілмепті.


© e-history.kz

Сол Днепродзержинскіде бірге оқыған, Теміртауда бірге жұмыс істегендер 2003 жылы бас қосыпты. Олардың қатарында Нұрсұлтан Назарбаев училищені бітіргендеріне көп уақыт өткенін, ал адам өмірі шексіз емес екенін айтып, әр 5 жыл сайын кездесіп тұруды ұсыныпты. Сол уақытта староста ретінде Сатыбалды Ибрагимов тағайындалыпты. Ендігіде Елбасы Ибрагимов староста болса, онда оған құлақ асуға тура келетінін айтып, әзілдеген екен.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети