РЕЙТИНГ ДЕПУТАТОВ СЕНАТА
25 мая 2020 | 18:21

Елде ауру жұқтыру дерегі көбейді: Енді жұмыс берушілерге қандай талап қойылады?

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: poisknews.ru Фото: poisknews.ru

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев коронавирус инфекциясы жұмыс орнында таралмауы үшін жұмыс берушілерге қандай талап қойылатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев коронавирус инфекциясы жұмыс орнында таралмауы үшін жұмыс берушілерге қандай талап қойылатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, елімізде карантин талабы жеңілдеген соң қауіпті індетті жұқтыру дерегі көбейген. 

"Індет жұқтыру дерегі қашықтан жұмыс істеуге көшпеген ұйымдарда тіркеліп жатыр. Демек, олар барлық ереже мен санитарлық-гигиеналық талапты және еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысымен бекітілген алгоритмдерді сақтамаған. Осыған байланысты өткен аптада өңірлерде рейд жұмыстарын жүргізуді бастадық. Тиісті тапсырма барлық өңірдегі жедел штабқа берілді", - деді комитет төрағасы ведомствоның Facebook парақшасында өткен брифингте. 

"Біраз кәсіпорын жұмысын тоқтатты"

Тимур Сұлтанғазиев барлық өңірдегі полиция департаменті, тиісті мемлекеттік органдар дәмхана, мейрамхана, асхана жән тағы басқа ұйымдардың жұмысын тексергенін айтты.

"Өткен аптада Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам нысан тексерілді, бір мыңға жуық әртүрлі заң бұзу дерегі анықталды. Тексеріс барысында біраз кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Ұйымдардың үстінен құқық бұзушылық туралы әкімшілік хаттама толтырылды. Жұмыс орындарында коронавирус инфекциясы таралмауы үшін осы бағыттағы тиісті жұмыстар жүргізіледі", - деді ол.

Жұмыс берушілерге қандай талап қойылады?

Комитет төрағасы коронавирус инфекциясы таралмауы үшін жұмыс берушілерге мына талапты қатаң сақтауы керегін атап өтті.

"Барлық жұмыс беруші жұмысшылардың дене қызуын бақылауы керек. Ауру белгісі бар қызметкерлерді жұмысқа шығармауы қажет. Кіреберісте, дәлізде, лифтіде, санитарлық торапта санитайзерлер орнатуы шарт. Ең маңыздысы аса қажет болмаса жұмысшыларға қашықтан, үйден жұмыс істеуге жағдай жасауы керек. Бұл талап еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысында нақты жазылған", - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Талапты орындамаған кәсіпорын қандай жазаға тартылады?

Ол санитарлық талапты орындамаған кәсіпорын жазаға қалай тартылатынын түсіндірді.

"Мұнда да тиісті алгоритм бар. Тиісті әкімшілік іс қозғалып, сотқа жіберіледі. Осы уақыт аралығында кәсіпорын жұмыс істемейді. Оған қандай жаза қолдану керегін, қандай айыппұл салу керегін сот шешеді", - деп түйіндеді сөзін комитет төрағасы.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 8 531-ге жетті. 4 400 науқас айықты, 35 адам аурудан көз жұмды. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 526.81  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer