ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
09 июля 2020 | 12:14

Елде тапшы дәрілер Ресей мен Үндістаннан жеткізіледі

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: vyborexperta.ru Фото: vyborexperta.ru

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі тапшы дәрілер алдағы уақытта Ресей мен Үндістаннан жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі тапшы дәрілер алдағы уақытта Ресей мен Үндістаннан жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. 

"Бүгінде біз қауымдастықтармен жүйелі түрде келіссөз жүргіздік. Олар дәрі нарығын дамытуға көмектесіп отыр. Сондай-ақ, көтерме саудамен айналысатын компаниялармен де сөйлестік. Бөлшек сауда сегменті толығымен коммерцияланғанын түсіну керек. Қазақстанда мемлекеттік дәріхана жоқ. Тек кейбір медициналық ұйымның жанында дәріхана бар. Алайда еліміздегі дәріханалардың басым бөлігі жекеменшік", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Алексей Цой нарықты тиісті дәрілермен қамтамасыз ету мақсатында компаниялармен келіссөз жүргізгенін де атап өтті.

"Қазақстанда дәрі-дәрмек болуы үшін әріптестерімізден қандай көмек керегін сұрадық. Арада кедергілер болған жоқ. Біз жақында бұйрықтарға қол қойдық. Ол бізге көптеген процедураны тездетуге және нарыққа дәрі-дәрмектің тез жетуіне мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қоймалардан бөлшек саудаға препараттар жеткізіліп жатыр. Дәрілер Қазақстанға жеделдетілген процедурамен енгізілді. Олардың саны көп", - деді министр.

Алайда министр дәріханаларда дәрілердің тез сатылып жатқанын жеткізді. Ол бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

"Қазіргі таңда біз үкіметте қосымша көмек мәселесін қарастырдық. Кеше біз ірі қауымдастық өкілдері, көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлермен кездестік. Олардан "сіздерге қалай көмектесе аламыз?" деп сұрадық. Яғни дәріні тез жеткізуге рұқсат беретін процедурадан басқа. Компаниялар бізден қосымша серіктес елдердегі керек дәрілерді жеткізу бойынша көмек сұрады", - деді Алексей Цой.

Ол алдағы уақытта Ресей мен Үндістаннан дәрі жеткізілетінін атап өтті.

"Бүгін 2 жүк борты Ресейге ұшады. Онда біз қажет дәрілерді елге жеткізу үшін қазақстандық компанияларға көмектесеміз. Яғни қазіргі таңда нарықта шу тудырған дәрілерге қатысты. Сондай-ақ, біз ертең Үндістанға жүк бортын жіберуді жоспарлап отырмыз. Ол жақтан нарыққа қажет препараттарды аламыз", - деді министр.

Сонымен қатар, Алексей Цой Өзбекстаннан 2 миллоннан астам маска мен медициналық қолғап жеткізілгенін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer