ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
04 декабря 2018 | 20:31

"Елімізде адамның ой өрісін кеңейтетін тренинг мамандары жоқ"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Тренингтер жетістікке жетелей ме?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Тренингтер жетістікке жетелей ме?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламаға түрлі психологиялық, мотивациялық тренингтер жүргізетін мамандар келді. Көрермендер мен сарапшылар тренингтердің пайдасы бар ма, әлде өткізілетін шаралардың мақсаты тек пайда табу ма және оларды кім жүргізеді деген сияқты сауалдарға жауап іздеп көрді.

Ернұр Сәбікенұлы қазіргі таңда тренингтер ұйымдастырады. Әйтсе де ол қазақстандық тренерлерге қарағанда шетелдіктердің білігі жоғары дейді .

"Бұл тренингтерде адамның ой өрісін өзгертетін құндылық бар. Жауапкершілік, өзіңді қолға алу мәселесіне бағытталған. Алайда біздің елде адамның ой өрісін өзгерте алатын маман көрмедім", - дейді Ернұр Сәбікенұлы.

Бағдарламаның қонағы Арман есімді бизнес-кеңесші кәсіп дөңгелетудің тиімді әдістерін айтып берді.

"Негізгі біздің жасайтын жұмысымыз бизнес-консалтинг (бизнес-кеңесші) деп аталады. Біз қандай да кәсібі бар адамдарға тәжірибесін көтеріп немесе нарыққа шыққысы келетіндер үшін жұмыс істейміз. Тренинг, әрине ақылы, алты апта үшін біз 60 мың теңге аламыз. Аптасына бір күн сол кісілермен жүреміз. Практикалық тұрғыда сол кісімен бірге істейміз, істетеміз және үйретеміз. Мысалы бір кәсіпкер 3 миллион табыс тауып жүрген болса, алты апта ішінде табыс мөлшерін 4-4,5 миллион теңгеге өсіру жолдарын көрсетеміз. Біріншіден сол кәсіпке біз неше түрлі құрал қолданамыз. Кәсіпкердің командасы - ең маңызды пункт. Команданы біліміне қарай үш топқа бөлу арқылы (жоғары, орта, төмен) жұмыс істеген уақытта нәтижені өздігінен шығаруға болады. Себебі әр клиент әртүрлі, сол себепті олардың сұраныстары да әртүрлі. Осы әдіс арқылы кәсібіңіздің табысын 10-15 пайыз өсіруге болады", - дейді Арман.

Бағдарлама барысында елімізде тренинг өткізетін мамандардың бір сеансы қанша тұратыны туралы арнайы статистика көрсетілді.

Өмірінде бір рет те тренингке барып көрмеген кәсіпкер Эльмира Үсенқызы әр істі бастауға тек еңбек керектігін айтады. 

"Біріншіден тренинг жасайтын адамдар кімдер? Көбіне ақшасы көп емес, бірақ тілі ұзын адамдар жасайды. Менің ойымша, тілі ұзын адамдардың ақылы көп бола бермейді. Адам кез келген салада жетістікке жетемін десе, оларға сырттан бір келетін күш қажет. Ол адамды мәжбүрлейтін күш болады. Әлеуметтік жағдайы, ауру, ата-анасы немесе өз армандары сынды басқа да бір себептер болуы мүмкін. Астанаға келіп, тұрмысқа шықтым. Қарным ашты. қатты. Ақша тапқым келді. Жұмысқа еш жерге қабылдамады. Бақытты өмір сүру үшін бір айда бір жарым-екі миллион теңге қажет, - дейді Эльмира Үсенқызы.

Заңгер Айсана Сман болса қоғамда сапалы-сапасыз тренингтің көбейіп кеткенін айтады.

"Қазіргі сапалы-сапасыз тренингтерді неге жатқызуға болады? Қоғамдық қызмет пе, әлде кәсіпкерлік пе? Егер кәсіпкерлік болса - онда кәсіпкер ретінде тіркелуі керек, салық төлеуі керек және қолында белгілі бір сертификаты болуы тиіс. Ал егер мұны қоғамдық қызмет түрі деп алатын болсақ - он адамды жинап алып, сапасыз, ойына не келсе соны айта береді. Мысалы мен заң ғылымдарының профессорымын, алайда тренинг өткізетіндей менің тәжірибем аз. Былай айтқанда тренинг өткізуге мүмкіндігім бар, бірақ мен ондайға бара алмаймын", - дейді заңгер. 

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети