ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
15 января 2020 | 12:30

"Елордада жол апатын екі есе азайтты". Алматылықтар "Сергек" туралы не білуі керек?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

1 қаңтардан бастап "Сергек" алматылықтарға жол жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл сала бастады. "Сергек" камералары жайлы алғаш рет 2017 жылы елордалық жүргізушілер айта бастаған еді. Ол кезде жоба қалада сынақтан өткізілген болатын. Соның нәтижесінде бір жылдан соң Нұр-Сұлтанда жол апаты екі есеге азайған екен. Ал қазір елордада 6 мыңнан аса "Сергек" камерасы орнатылған. Tengrinews.kz тілшісі "Сергек" кешені жайлы қазақстандықтар бүгінге дейін білуі тиіс мәліметтерді ұсынады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

1 қаңтардан бастап "Сергек" алматылықтарға жол жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл сала бастады. "Сергек" камералары жайлы алғаш рет 2017 жылы елордалық жүргізушілер айта бастаған еді. Ол кезде жоба қалада сынақтан өткізілген болатын. Соның нәтижесінде бір жылдан соң Нұр-Сұлтанда жол апаты екі есеге азайған екен. Ал қазір елордада 6 мыңнан аса "Сергек" камерасы орнатылған. Tengrinews.kz тілшісі "Сергек" кешені жайлы қазақстандықтар бүгінге дейін білуі тиіс мәліметтерді ұсынады.

"Сергек" қалай жұмыс істейді?

Сергек камералары жылдамдықты асырған, белгіленбеген бағдаршамның түсіне өткен жүргізушілерді анықтайды. Бұдан бөлек, қоғамдық көліктерге арналған жолақтармен жүру, стоп сызбасынан өту сияқты заңбұзушылықтарды тіркейді.

Мамандардың сөзіне сенсек, камерада жылдамдық көрсетіп тұратын датчик жоқ, ережебұзушылықтарды арнайы алгоритм бойынша анықтауға болады. 

 "Сергекте" жазба қанша уақыт сақталады?

"Сергекті" орнатумен айналысатын "Көркем Телеком" ЖШС директоры Әсет Ахметовтің айтуынша, камерадағы жазбаларды тек өкілетті органдар көре алады.

"Сергек" жүйесі түнгі режимде де жұмыс жасайды. Бұл жағдайда камерадағы инфрақызыл көмескі жарық және көшедегі жарық маңызды рөл атқарады. Жазбалар серверлерде 30 күн сақталады. Оны қарауға өкілетті органдардың ғана рұқсаты бар", - дейді Ахметов.

Ережебұзушылықты қандай қашықтан байқап қояды?

"Көркем Телеком" ЖШС директорының айтуынша, "Сергек" орташа есеппен 50 метр жердегі ережебұзушылықты тіркей алады. Алайда компания өкілі жүргізушілерге ол қашықты есептемей, тек жол ережесін бұзбай, қашықтық сақтап жүруге кеңес берді.

"Мұнда ньюанстар көп. Ең көп дегенде 100 метр қашықтан көре алады, ең аз дегені - 30-40 метр. Бірақ, дәл қазір статистикаға сүйенсек, жүргізушілер қоғамдық көліктер жүретін жолақтан тек камераны көрген соң шығады. Бірақ мұның барлығы камераға жазылып тұрады", - деген еді Әсет Ахметов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Камера қандай ережебұзушылықтарды тіркейді?

Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы басшысы Жандос Мұраталиев әзірше қаладағы "Сергектердің" ережебұзушылықтың төрт түрін тіркейтінін айтады.

"Бүгінде Алматыда орнатылған "Сергек" камералары ережебұзушылықтың төрт түрін тіркейді - жылдамдық асыру, стоп-линиядан өтіп кету, бағдаршамның қызыл түсіне жүру және қоғамдық көліктер жүретін жолаққа өтіп кетуОл камералардың басым бөлігі жол апаттары жиі болатын аумақтарда орнатылған", - дейді Жандос Мұраталиев.

Cондай-ақ, полиция өкілі камералардың жүргізушінің түрін түсіре алмайтынын, тек көлікті түсіретінін айтып өтті. Бірақ ол қажет болған жағдайда қосымша шаралар қолдануға дайын екенін айтады.

Биылдан бастап көлік жүргізушілері не білуі керек?

Жүргізуші "Сергекке" түсіп қалғанын қалай біледі?

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша, жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда екі ай ішінде оған хабарлама келеді. Сол сәтте жүргізуші айыппұлды төлеуі тиіс болады. Ол айыппұл жеті күн ішінде төленсе, жүргізушіге 50 пайыз жеңілдік беріледі.

Сондай-ақ, таяуда жүргізушілерге хабарлама беріп тұратын арнайы қызмет түрі пайда болатыны айтылады.

"Сергек" айыппұлдары кешірілуі мүмкін бе?

"Сергек" жобасын әзірлеуші, "Көркем Телеком" ЖШС директоры Әсет Ахметовтің айтуынша, айыппұлдармен келіспеген жүргізушілер оған өтініш жаза алады немесе полиция департаментіне барып не болмаса электрондық пошта арқылы байланысқа шыға алады. Ахметов инспекторлардың барлық хатты қарайтынын айтады.

"Түрлі жағдайлар болады - жол белгісі байқалмай қалады немесе ауа райының қолайсыздығын. Біз барлық жағдайды жеке қараймыз, қорытынды жазамыз. Жүргізушінің заңсыз айыпталып жатқаны дәлелденсе, әкімшілік жазаның күшін жоямыз. Мұндай жағдайлар көп. Өтініштер 15 күн ішінде қаралады.

Ал жүргізушілерге екі ай ішінде ешқандай хабарлама келмесе, біз әкімшілік өндірісті тоқтаттық деген сөз. Яғни ол жүргізушілер айыппұл төлеуден босатылады", - деп түсіндірген еді Әсет Ахметов.

Қандай жағдайларда айыппұл салмайды?

Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы басшысы Жандос Мұраталиевтің айтуынша, көп жағдайда "Сергек" жылдамдық асырған, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетен және автобус жолағымен жүрген жүргізушілерді түсіріп алады. 

"Стоп-линиядан өтіп кетіп немесе қоғамдық көліктер жүретін жолаққа өтіп кеткендерге 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Бұл шамамен 7 мың теңге. Ол айыппұлды 7 күн ішінде төлеп тастасаңыз, сізге 50 пайыз жеңілдік береді. Ал жылдамдық асыру сияқты ережебұзушылыққа 10 АЕК мөлшерінде айыппұл міндеттеледі - 25 мың теңгеден аса", - деген еді Мұраталиев "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында.

Ал бірақ көлік автобус жолағының маңында жүрмей қалып, "Сергек" камерасына түсіп қалса, бірден 102 нөміріне хабарласу керек дейді. Полиция өкілінің айтуынша, бұл жағдайда айыппұлдан құтылуға болады.

"Сергек" Алматыда
 

Алматы полицейлері 2020 жылдың сегіз күнінде "Сергек" камералары 42 миллион теңгеге жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркегенін мәлімдеген еді.

Полицейлердің айтуынша, қалада осы мерзімде 2 564 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі тіркелген.

"Жиі" бұзылатын ережелер арасында жылдамдықты асыру (сағатына 10-20, 20-40 және 40-тан аса шақырым) байқалады. Полицейлер жүргізушілер жол бойындағы жол қозғалысы ережелерінде бекітілген талаптарға назар аудармайтынын байқаған. 


Алматыдағы "Сергек"

"Сергек" Нұр-Сұлтанда

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда 6 мыңнан аса "Сергек" камералары орнатылған. Нұр-Сұлтан қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқарма басшысы Елжан Шүпековтің айтуынша, былтыр елордада "Сергек" жүйесі миллионнан аса жол ережесін бұзу дерегін анықтаған.

"2019 жылдың басынан бері 1 000 219 ережебұзушылық анықталған. Ереже бұзу туралы хабардаманы жеткізу Полиция департаменті және "Қазпошта" АО-мен келісімшартқа отыру арқылы қарастырылған. Сондай-ақ, хабарламаны SMS-хабарлама арқылы жеткіземіз", - деген еді Нұр-Сұлтан қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқарма басшысы.

Как списать штраф с "Сергека"? Ответы на самые частые вопросы

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer