ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
08 апреля 2020 | 12:29

Елордада коронавирус жұқтырғандар 2167 адаммен байланыста болған

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Елордада коронавирус жұқтырғандардың жағдайы айтылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Елордада коронавирус жұқтырғандардың жағдайы айтылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елордамызда вирус жұқтырғандардың жалпы саны 222-ге жетті. Оның ішінде 46 пайызы - ер, 54 пайызы - әйел. 43 пайыз 30-49 жасқа дейінгі азаматтар, 27 пайыз 18-29 жас, 17 пайыз 50-59, 9 пайыз 60-69 жас, 1 пайыз 70 және одан жоғары жастағылар, 3 пайыз 18-ге толмаған балалар. Жалпы жазылып шыққандардың саны 28 немесе 13 пайызға жетті", - деді басқарма басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте.

Спикердің айтуынша, 5 науқастың жағдайы ауыр. 

"Қазіргі таңда ауруханаларда 493 науқас ем алып жатыр. Оның 203-і коронавирустан емделушілер. Оның ішінде 10 науқас - Ақмола облысының тұрғындары. Сонымен қатар, 5 науқастың жағдайы ауыр халде. Оның үшеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Басқа науқастардың жағдайы қалыпты", - деді Қисықова.

Басқарма басшысының айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында 28 қаңтардан бастап 6315 адам бақылаудан және емдеуден өтті. Оның 202-сі 18-ге толмаған балалар.

Сонымен қатар, елордадағы КВИ анықталған науқастар 2167 адаммен байланыс жасаған, солардың ішінде 131 адамға жұқтырған.

"Тіркелген 222 адаммен 2167 адам байланыс жасаған. Орташа есеппен алғанда коронавирус жағдайына байланыс жасаған 10 адамнан келіп тұр. Олар уақытылы оқшауланды, КВИ тексерілді. Олар - инфекцияны белсенді тасымалдаушылар. Осы топтың ішінде 131 адам жұқтырған, яғни жалпы жұқтырғандардың 60 пайызын құрап отыр", - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 704-ке жетті. 51 адам жазылды, 6 науқас қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course up  549.54  course up  5.08  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer