Елордада коронавирус жұқтырғандардың жағдайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада коронавирус жұқтырғандардың жағдайы белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова коронавирус инфекциясы табылған 18 адамның дене температурасы көтерілмегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова коронавирус инфекциясы табылған 18 адамның дене температурасы көтерілмегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін елордада 18 адамнан қауіпті дерт анықталған.

"Олардың барлығы стационарда жатыр. Дене температурасы қалыпты нормада, шағымы жоқ. Барлық науқас дәрігерлердің қатаң бақылауында. Барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді басшы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сәуле Кисикова коронавирус жұқтырған науқастың ең үлкені 59 жаста, ең кішісі 14 жаста екенін жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 36 адамға жетті. 18 науқас Алматыда, қалған 18-і Нұр-Сұлтанда.

Бүгін түнде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында карантин режимі күшіне енеді. 

Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы -2
Астана -21
Актау 2
Актобе -18
Атырау -6
Б
Балхаш -19
Ж
Жезказган -22
К
Караганда -19
Кокшетау -24
Костанай -13
Кызылорда -20
П
Павлодар -15
Петропавловск -17
С
Семей -5
Т
Талдыкорган -4
Тараз -1
Туркестан -9
У
Уральск -10
Усть-Каменогорск 2
Ш
Шымкент -20

 

Редакция Реклама
Социальные сети