Елордада індет жұқтырған келіншектер дені сау 12 нәрестені дүниеге әкелді

Даурен Ерболат Журналист
Фото:7ya.ru

Елордада COVID-19 вирусын жұқтырған келіншектер дені сау 12 нәрестені дүниеге әкелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаладағы жұқпалы ауруханаларда коронавирус жұқтырған аналар дені сау 12 нәрестені дүниеге әкелді. Бұл - біздің медицина қызметкерлерінің үлкен еңбегінің нәтижесі екенін атап өткім келеді", - деді басшы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы астанада 270 бала коронавирус жұқтырғанын айтқан болатын.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Қазақстанда 13 872 адам індет жұқтырған. 8 593 науқас жазылды, 67 адам аурудан көз жұмды.

Tengrinews
Вопрос от автора
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама